Сәуір де аяқталды: күнтізбеде Jean Paul Gaultier, Gianni Versace және Sonia Rykiel дүниеге келген ай басталды. Мамырға арналған бьюти-жұлдыз жорамал да дәл осы дизайнерлердің зодиак белгілеріндей — эстет Телец пен гедонист Егіздердің мінезіндей ерекше шықты. Harper’s BAZAAR Kazakhstan шаш қиюға, маникюр мен сұлулық процедураларына ең қолайлы күндерді, сондай-ақ дәл қазір сіздің бьюти-сөреңізде болуы тиіс өнімдерді таңдады.
Шаш қию мен бояуға қолайлы күндер: 1, 3, 5, 8, 9, 14, 20-24 және 26-30 мамыр. Маникюр мен педикюрге 3-10 және 21-30 мамыр аралығы тиімді. Ал күтім процедураларына ең сәтті күндер — 4, 13, 22-25, 28 мамыр, инвазивті процедураларға — 5, 9, 14, 20-22 және 29-31 мамыр. Ендеше, көктемнің соңы әр зодиак белгісіне не дайындағанын бірге білейік.
Тоқты
Мамырда Тоқтының тартымдылығы әсерлі көзқарасы мен мәнерлі қимылдары арқылы ашылады. Астарлы мағынаны түсінуден қорықпаңыз және батыл эксперимент жасаңыз: графикалық стрелкалар маусымның ең жарқын маникюрімен тамаша үйлеседі.
Торпақ
Бұл айдың туған күн иелері өзіне көбірек көңіл бөліп, болмашы дүниелерге алаңдауды азайтқаны жөн. Бұл — сіздің маусымыңыз, сондықтан оны ләззатпен өткізіңіз. Косметологқа жазылыңыз, SPA-ға барыңыз немесе өзіңізге люкс күтім сыйлаңыз.
Егіздер
Мамырда Егіздер уақытпен ойнап, дедлайндар арасында жонглердей әрекет етеді. Бірақ бұл сіздің кештің басты жұлдызы болуыңызға кедергі келтірмейді. Ең бастысы — өзіңіздің мықты тұстарыңызды біліп, дұрыс акцент қоя білу. Мысалы, ерінге.
Шаян
Жаз жақындағанымен, Шаяндар керісінше өз әлеміне еніп кеткісі келеді. Режимді қалыпқа келтіру, әлеуметтік желіден детокс жасау және ұйқыны реттеу маңызды болады. Бұл айдағы ең сенімді серігіңіз — магниймен қатар бетке арналған маска болуы мүмкін. Теріңіз де демалысты қажет етеді.
Арыстан
Мамырда Арыстан өз мәртебесін қайта еске түсіріп, аңдар патшасы екенін дәлелдейді. Ал мұндай көрініске көрермендер мен табынушылар қажет. Сондықтан жиі адамдар арасына шығып, кештер мен кездесулерден қалмаңыз. Әрине, сүйікті әтіріңіздің хош иісін де ұмытпаңыз.
Бикеш
Көктем көктемімен, ал жұмыс — өз тәртібімен. Бикештер бұл айда да еңбекқорлығынан бас тартпайды, себебі мақсат өте жоғары. Карьера құрып жүріп, шаш үлгісіне де мән беруді ұмытпаңыз. Күтімді шаш — кез келген образдың визит картасы.
Таразы
Мамырға арналған бьюти-жорамал Таразыларға көкжиегін кеңейтуді ұсынады: саяхатқа шығыңыз немесе кем дегенде қала сыртына барып қайтыңыз. Табиғатпен үндесіп, су жағасында тұрып, аспанға қараңыз. Дәл маусым трендіндегі көгілдір реңкті тендердей.
Сарышаян
Сарышаянның трансформациясы мамырда да жалғасады: сіз бұрынғыдан да терең әрі жұмбақ бола түсесіз. Бұл айналаңызға адамдар мен жаңа мүмкіндіктерді тартады. Бьюти-образ да соған сай болуы тиіс — алқызыл далап пен жалған кірпік эффектісі бар тушь таңдаңыз.
Мерген
Мамырда сіз кез келген драмадан алыс болып, керісінше серігіңізбен және достарыңызбен қарым-қатынаста тепе-теңдік орнатуға ұмтыласыз. Үйлесім бьюти-образыңызда да байқалады. Бірақ ол үшін су балансын сақтап, SPF қорғанысы бар кремдерді қолдануды ұмытпаңыз.
Тауешкі
Мамырдағы бьюти-жорамал Тауешкіден тәртіп пен жауапкершілікті талап етеді. Өзіңізге көңіл бөлетін уақыт келді: тамақтану режимін қайта қарап, медициналық тексерістен өтіп, жалпы күтімге мән беріңіз. Жаңа шаш үлгісі, бояу немесе маникюр тек құпталады.
Суқұйғыш
Суқұйғыштың шығармашылыққа деген құлшынысы мамырда ерекше күшейеді. Креативтілікті жұмыста да, қарым-қатынаста да, тіпті макияжда да көрсетіңіз. Түрлі-түсті кірпіктер, «glazed» еріндер немесе қуыршақ эффектілі румяна? Планеталар кез келген батыл идеяңызды қолдайды.
Балықтар
Отбасылық құндылықтар мен жеке өмір басты орынға шығады, ал Балықтар бұған қуана келіседі. Мамырда жақындарыңызбен көбірек уақыт өткізгіңіз келеді. Бьюти-рутинада glow up эффектісі бар өнімдерді таңдаңыз — махаббат пен жарқыраудың басты көзі дәл сіз боласыз!
Автор. Мария Машкова. Аударған. Гүлдана Мұқан. Фото. Брендтердің баспасөз қызметі.