Chanel бренді Дуа Липаның қалыңдық образын қалай жасады?
Фото. Getty Images. Авторы. Mike Coppola; Chanel брендінің баспасөз қызметі.

Chanel бренді Дуа Липаның қалыңдық образын қалай жасады?

24 июня 2026

Сән әлемінің жанкүйерлерін көптен бері Дуа Липаның үйлену тойындағы көйлегі қалай дайындалғаны қызықтырып келген еді. Әсем туындының жасалу тарихы белгілі болды. Бұл — француз сән үйі Chanel үшін дизайнер Матье Блази әзірлеген алғашқы Haute Couture қалыңдық көйлегі. Қалған қызықты деректерді төменде ұсынамыз.

Как Chanel создавали свадебный образ Дуа Липы?

Эксклюзивті көйлек толықтай қолмен Париждегі әйгілі 31 Rue Cambon ательесінде тігілген. Оны жасауға бірнеше атақты қолөнер шеберханалары қатысқан. Ерекше текстураға қол жеткізу үшін Montex ательесінің шеберлері матаны қолмен 480 мың моншақпен көмкерген. Ал көзді алдайтын күрделі зергерлік кестелерді жасауға Lesage шеберлері 1 155 сағат уақыт жұмсаған.

Көйлектің сәнді силуэтін ұзындығы екі метр болатын әсерлі шлейф толықтырды. Оны Lemarié шеберханасы жоғары сапалы 25 мың жеңіл қауырсынмен нәзік безендірген.

Қалыңдықтың образын алты метрлік көлемді тюльден тігілген фата аяқтады. Ол да көйлекпен үйлесімді болуы үшін қолмен моншақтар мен қауырсындармен кестеленіп, көлем мен қозғалыс әсерін беру мақсатында қолдан жасалған органза аппликацияларымен толықтырылған. Ал кутюрлық образдың соңғы нүктесі ретінде Дуа Липаға арнайы тігілген ақ атлас туфлилер таңдалды. Оларды Chanel-мен ұзақ жылдар бойы серіктестік орнатқан тарихи аяқ киім бренді — Massaro жасаған.

Как Chanel создавали свадебный образ Дуа Липы?

Фото. Chanel бредінің баспасөз қызметі.

Cookie  Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше