Cosmic Guide: 22–28 маусымға арналған апталық жұлдыз-жорамал
Фото. Анастасия Анишева.

Cosmic Guide: 22–28 маусымға арналған апталық жұлдыз-жорамал

22 июня 2026

Өмір қарама-қайшылықтардан тұрады: жарқын жеңістер кейде тыныш кезеңдермен немесе түрлі сынақтармен алмасып жатады. Дәл осы күтпеген өзгерістер өмірді қызықты әрі мәнді етеді. Алдағы жеті күн қандай тосынсыйлар, тағдырдың әзірлеп қойған күтпеген жайттары немесе кідірістер алып келеді? Harper's BAZAAR Kazakhstan Ретроградты Меркурий қарсаңындағы осы аптаға арналған жұлдыз-жорамал ұсынады.

Тоқты

Сізді қуатты энергетикалық серпіліс күтіп тұр. Шабыт тасып, тың идеялар көбейеді. Сондықтан көптен бері кейінге қалып жүрген батыл жобаларыңызды қолға алып, өзіңізді жарқын қырынан көрсетуге уақыт келді. Қуатыңызды сақтап қалу үшін жақындарыңызбен көбірек уақыт өткізіңіз — жылы әңгіме мен жайлы кештер мотивацияңыздың басты қайнар көзіне айналады. Ал демалыс күндері өміріңізге жағымды өзгеріс әкелуі мүмкін қызықты кездесу күтіп тұр.

Торпақ

Бұл аптада басты назар қаржы мәселелері мен табысты арттыру мүмкіндіктеріне ауысуы тиіс. Әсіресе серіктестік пен бірлескен жобалар сәтті болмақ. Дәл осындай ынтымақтастықта табысты көбейтудің жаңа жолдары жатыр. Алайда пайда қуып жүріп, сақтықты ұмытпаңыз. Әріптестерді таңдағанда мұқият болған жөн.

Егіздер

Жұлдыздар сыртқы күйбең тіршіліктен алыстап, отбасы мен жақындарыңызға көңіл бөлуге кеңес береді. Ұзақ уақыттан бері шешілмей жүрген мәселелерді кейінге қалдырмаңыз. Ашық әрі шынайы әңгіме тек түсініспеушіліктерді жойып қана қоймай, жақындарыңызбен арадағы байланысты жаңа деңгейге көтереді.

Cosmic Guide: гороскоп на неделю с 22 по 28 июня
Фото. Анастасия Анишева.

Шаян

Сіз үшін мансаптық мүмкіндіктер кезеңі басталады. Аптаның ортасында кәсіби жетістіктеріңіз бен тәжірибеңіз өз жемісін беріп, беделіңізді арттырады. Бұл қызметте өсуге жол ашуы мүмкін. Ең бастысы — басшылықпен қарым-қатынаста сабырлы әрі дипломат болу.

Арыстан

Қазір сіз өз толқыныңызды тапқандайсыз. Жұмыс та, жеке өмір де сәтті өрбіп келеді. Қызметтегі міндеттер оңай шешіліп, махаббатта романтикалық кезең басталуы ықтимал. Бұл аптаның басты ережесі — шешім қабылдауды кейінге қалдырмау. Әрекет етіңіз, сонда армандарыңыздың қалай оңай жүзеге асатынына өзіңіз де таңғаласыз.

Бикеш

Күнделікті міндеттер мен жұмыс қарқыны жоғары болмақ. Алайда бұл сіз үшін қиындық тудырмайды. Ұйымшылдығыңыздың арқасында кез келген тапсырманы оңай еңсересіз. Дегенмен денсаулық пен демалысты назардан тыс қалдырмаңыз. Ұйқы режимін реттеп, кешкі релакс-ритуалдарды енгізу өзіңізді әлдеқайда жақсы сезінуге көмектеседі.

Cosmic Guide: гороскоп на неделю с 22 по 28 июня
Фото. Анастасия Анишева.

Таразы

Алдыңыздан жаңа көкжиектер ашылып, сапарға шығу ықтималдығы артады. Демалысқа арналған киімдеріңізді дайындап, SPF құралдарын жаңартып, мәңгілік жаз мекеніне билет қарастыруға болады. Бұл сапар сізге әсем көріністермен қатар тағдырлы таныстықтар да сыйлауы мүмкін.

Сарышаян

Бұл апта шыдамдылығыңызды сынайтын кезең болуы ықтимал. Айналаңызда түрлі интригалар туындауы немесе жеке өміріңізде түсініспеушіліктер орын алуы мүмкін. Ең бастысы — эмоцияға берілмей, сабыр сақтау. Күйзелістен арылудың ең тиімді жолы — спорт. Белсенді жаттығулар ойыңызды реттеп қана қоймай, жақсы әдеттің бастамасына айналуы мүмкін.

Мерген

Алдағы күндердің басты ұраны — жанашырлық пен қолдау. Көмек сұраған жандардан теріс айналмаңыз. Сіздің кеңпейілділігіңіз беделіңізді нығайтып қана қоймай, сенімді серіктерді өміріңізге тартады. Апта оңай болмайды, бірақ жұмсаған күш-жігеріңіз міндетті түрде нәтижесін береді.

Cosmic Guide: гороскоп на неделю с 22 по 28 июня
Фото. Анастасия Анишева.

Тауешкі

Жақын арада қуанышты жаңалық естуіңіз мүмкін. Алайда жұлдыздар әзірге бұл жетістікті көпшілікке жария етпеуге кеңес береді. Себебі айналаңыздағы әр адам сіздің қуанышыңызға шын жүректен ортақтаса бермеуі мүмкін. Сондықтан жетістігіңіз толық орныққанша оны өзіңізге сақтаған дұрыс.

Суқұйғыш

Аптаның алғашқы жартысы көптеген мәселеге айқындық әкеледі. Күрделі түйткілдердің шешімін тауып, нақты жоспар құра аласыз. Ең жағымдысы — айналаңыздағы адамдар сізге қолдау көрсетуге дайын болады. Тағдырдың осындай сыйларын қабылдаудан тартынбаңыз.

Балықтар

Алдағы жеті күнде интуицияңыз ерекше күшейеді. Маңызды шешімдер қабылдағанда ішкі дауысыңыз сізді жаңылдырмайды. Әсіресе жеке қарым-қатынаста серіктесіңіздің шынайы ниетін оңай аңғарасыз. Бірақ күдікке бой алдырмай, түсіністік пен мейірімділік танытқан жөн. Сонда қарым-қатынасыңыз үйлесімге толы болады.


Автор. Жанель Муканова. Аударған. Гүлдана Мұқан.

Cookie  Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше