Мағына. Энергия. Стиль. Алматыдағы жаңа Picnic by Partners қандай идеялардан құралған?
Фото. Кейіпкерлердің жеке мұрағаты.

Мағына. Энергия. Стиль. Алматыдағы жаңа Picnic by Partners қандай идеялардан құралған?

04 июня 2026

Аңызға айналған Picnic by Partners қайта оралады! 13 маусым күні Алматы бір күнге нағыз мәдени кодтың орталығына айналмақ. Егер бұл шараға бару-бармау жөнінде әлі де ойланып жүрсеңіз, оны жіберіп алмауға бірнеше маңызды себеп бар.

Шынын айту керек, көпшілігіміз қатты музыка мен қарбаласқа толы дәстүрлі open-air фестивальдерден шаршадық. Ондайда адамдар арасындағы шынайы қарым-қатынастың мәні тасада қалып қояды. Ал Picnic by Partners-тің басты ерекшелігі – саналы демалыс мәдениетінде.

Бұл – сапалы нетворкингке арналған ерекше алаң. Табиғат аясында адамдар арасындағы шекаралар жойылып, жаңа таныстықтар орнайды, болашақта қаланың, тіпті елдің дамуына ықпал етуі мүмкін серіктестіктер дүниеге келеді. Мұнда кәсіпкерлер, креаторлар, инфлюенсерлер мен мәдениет көшбасшылары жиналып, қоғамның талғамын, ырғағын және интеллектуалдық бағытын қалыптастырады.

Смысл. Энергия. Стиль. Из чего собран совершенно новый Picnic by Partners в Алматы?
Смысл. Энергия. Стиль. Из чего собран совершенно новый Picnic by Partners в Алматы?

Биыл жоба батыл эксперимент жасап, шығармашылық серіктес ретінде жасанды интеллектіні таңдады. Бұл жолы жасанды интеллект тек құрал емес, креативті процестің толыққанды қатысушысына айналды.

Ол кеңістік құру, коммуникация және контент ұсыну тәсілдерін жаңаша ойластыруға көмектесіп, цифрлық технологиялардың тірі іс-шаралардағы эмоциялық тәжірибені қалай өзгертетінін зерттеді. Сондай-ақ әр қонақтың қоршаған ортаға әсер етуіне ерекше мән беріліп, келушілердің өзі ортақ перформанстың бір бөлігіне айналады.

Смысл. Энергия. Стиль. Из чего собран совершенно новый Picnic by Partners в Алматы?
Смысл. Энергия. Стиль. Из чего собран совершенно новый Picnic by Partners в Алматы?

Іс-шараның басты нүктесі – сахна. Мұнда танымал спикерлердің қатысуымен тікелей пікірталастар мен паблик-токтар өтеді. Сүйікті журналдарымыздың философиясынан шабыт алған бұл кеңістікте әр қонақ өз көзқарасы мен тәжірибесін бөліседі.

HARPER’S BAZAAR KAZAKHSTAN — стиль, эстетика және ұлттық болмыс әлемі

Біздің ерекше мақтанышымыз әрі эстетикалық мекеніміз. Биылғы кеңістік мәдени кодты жаңаша ашуға арналған. Ол толықтай қазақ этникасына және дәстүрлердің цифрлық дәуірдегі жаңа интерпретациясына арналмақ.

Қатысушылар сән, форма және сахналық перформанстар ұлттық болмысты қалай қалыптастыратыны туралы пікір алмасады. Бұл маңызды талқылаудың басты қонағы әрі сарапшысы – сән әлемінің танымал маманы Гоша Карцев.

Смысл. Энергия. Стиль. Из чего собран совершенно новый Picnic by Partners в Алматы?
Фото. Кейіпкердің жеке мұрағаты.

ELLE — энергия, lifestyle және шабыт әлемі

Сұлулық индустриясындағы инновациялар мен поп-мәдениетке арналған кеңістік. Дәл осы аймақ Picnic-тің жеңіл, әсерлі әрі шынайы атмосферасын қалыптастырады. Мұнда актриса Ян Гэ өз тәжірибесі мен шабыт көзі туралы әңгімелейді.

Смысл. Энергия. Стиль. Из чего собран совершенно новый Picnic by Partners в Алматы?
Фото. Кейіпкердің жеке мұрағаты.

ESQUIRE — мағына, үн және қалалық интеллект әлемі

Терең мәдени контекстке, өткір талғам мен ашық әңгімелерге арналған алаң. Арнайы қонақ ретінде комик Тамби Масаев қатысып, пікірталасқа әзіл мен ерекше энергия сыйлайды.

Смысл. Энергия. Стиль. Из чего собран совершенно новый Picnic by Partners в Алматы?
Фото. Кейіпкердің жеке мұрағаты.

Қолөнер мен шығармашылықтан шабыт алғысы келетіндер үшін ауқымды Art Zone жұмыс істейді. Алматы қаласының Туризм басқармасының қолдауымен ұйымдастырылған бұл кеңістік мәдени алмасу орталығына айналады. Қонақтарды қызықты шеберлік сабақтары, дәстүрлі және заманауи қолөнер түрлерімен танысу, сондай-ақ жергілікті шеберлердің бірегей туындылары ұсынылатын маркет күтеді. Мұнда өнердің қалай дүниеге келетінін бақылап қана қоймай, оның бір бөлігіне айналуға да мүмкіндік бар.

Смысл. Энергия. Стиль. Из чего собран совершенно новый Picnic by Partners в Алматы?
Смысл. Энергия. Стиль. Из чего собран совершенно новый Picnic by Partners в Алматы?
Picnic by Partners қонағы мен музыкант Dose
Смысл. Энергия. Стиль. Из чего собран совершенно новый Picnic by Partners в Алматы?
Смысл. Энергия. Стиль. Из чего собран совершенно новый Picnic by Partners в Алматы?
Мика Барни және Бауыржан Тұржанов

Күн бата кештің музыкалық шарықтау шегі ретінде сахнаға Том Боксер шығады. Оның прогрессивті электронды музыка мен заманауи би әуендерін үйлестіретін ерекше стилі жаңа технологиялық Picnic by Partners концепциясын әсерлі түрде түйіндейді.

Смысл. Энергия. Стиль. Из чего собран совершенно новый Picnic by Partners в Алматы?
Фото. Кейіпкердің жеке мұрағаты.

Мұндай ауқымды жобаларды жүзеге асыру әрдайым ортақ құндылықтарды бөлісетін серіктестердің қолдауын қажет етеді. Осы жаздың философиясын бірге қалыптастырған серіктестерімізге алғысымызды білдіреміз: RGB холдингі және оның Lavina, Ava, Piala, Salam Cola брендтері, халықаралық beauty-ритейлер «Золотое Яблоко», Шымкент сыра қайнату зауыты, JANA POST жеткізу қызметі, Jfood Kazakhstan компаниясы және оның «Цесна» мен «Сәлем!» сауда белгілері, сондай-ақ Hennessy мен Chandon брендтері.

Смысл. Энергия. Стиль. Из чего собран совершенно новый Picnic by Partners в Алматы?

13 маусым күні Almaty Resort аумағында кездескенше! Билеттерді арнайы сілтеме арқылы сатып алуға болады. Сонымен қатар HBALMPIC26 промокодын пайдаланып, Harper’s BAZAAR Kazakhstan атынан 20 пайыздық жеңілдікке ие болыңыз.


Автор. Жанель Муканова. Аударған. Гүлдана Мұқан. Фото. Picnic by Partners.

Cookie  Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше