M’Dee жаңа клипінде үйлену тойының эксклюзивті кадрларын көрсетті
Фото. Instagram @mdeemusic. Автор. @mussagulovaainur

M’dee жаңа клипінде үйлену тойының эксклюзивті кадрларын көрсетті

Гүлдана Мұқан
11 сентября 2026

Қазақстандық музыкант M’Dee тыңдарманына жаңа бейнебаянын ұсынды. Жаңа туындының басты ерекшелігі — клипке арнайы қойылымдар емес, әншінің сүйіктісі Гүлсезім Хасенмен өткен үйлену тойының шынайы әрі әсерлі сәттері енген.

Ақ көйлек, нәзік сезім, қос ғашықтың бақытты сәттері мен тойдың ерекше атмосферасы — бейнебаянды жұптың жеке махаббат хикаясына айналдырған. Көпшілік бұрын көрмеген эксклюзивті кадрлар да туындыға ерекше жылылық сыйлайды.

M’Dee шығармашылығын бұрыннан бақылап жүрген тыңдарман үшін бұл оқиғаның тағы бір мәні бар. Музыкант соңғы үш-төрт жылда жарық көрген әндерінің бірқатарын сүйіктісіне арнап жазған. Енді сол сезім ән мәтіндерінен шынайы өмірге ұласып, олардың ең маңызды күндерінің бірі бейнебаянға арқау болды. Осылайша, жаңа клип жай ғана музыкалық премьера емес, M’Dee мен Гүлсезім Хасеннің махаббат тарихының ең әдемі тарауларының біріне айналды.


Cookie  Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше