Мюли — маусымның ең сәнді аяқ киімі
Фото. Spotlight

Мюли — маусымның ең сәнді аяқ киімі

18 марта 2026

Әр маусым сайын трендтер өзгеріп отырады, бірақ сәнді мюлилер өз позициясын берер емес. Бұған біз тек қуанамыз, өйткені ыңғайлы әрі эффектілі, аласа өкшелі немесе өкшесіз бұл аяқкиімдер it-girls арасында әлдеқашан ерекше сұранысқа ие болды. Оның үстіне, мюлилер шын мәнінде әмбебап аяқкиім саналады: оларды іскерлік және мерекелік образдармен де, күнделікті стильмен де оңай үйлестіруге болады. Harper’s BAZAAR Kazakhstan топтамасында дәл қазір ең өзекті саналатын үлгілер жиналды. Ендеше, олармен жақынырақ танысайық.

Жалпақ табанды мюли

Мюлидің квадрат не жұмыр тұмсығы аутфитті жеңіл де көркем ете түседі. Оның үстіне жалпақ табаны күні бойы аяқтың шаршауына жол бермейді. Мұндай аяқ киім жылы, тіпті аптап күндерге айрықша лайық.

Сандал үлгісіндегі мюли

Ашық тұмсықты үлгілер назарыңыз үшін босоножкалар мен сандалдармен еркін бәсекелесе алады. Оның үстіне бұл — Барби мен Кэрри Брэдшоу сүйетін мәңгілік классика. Практикалығымен де ерекшеленетіндіктен, талай романтикалық образға жараса кетеді.

Үшкір тұмсықты мюли

Образын қарапайымдатуды ұнатпайтындарға тағы бір сексуалды нұсқа. Үшкір тұмсық аяқтарды көзбен ұзартып көрсетеді және образға сезім мен құштарлықтың реңкін қосады. Мұндай тренд мюлилер өте талғамды көрінеді, кез келген аутфиттің айрықша деталіне айналуы мүмкін.

Кеңсе үшін мінсіз

Классикалық «лодочка» туфлилеріне лайықты балама — аласа өкшелі мюлилер. Мұндай үлгілерде тұмсық, әдетте, жабық болады, сондықтан аутфитіңіздің жинақылығын бұзбайды. Тұрақты өкше күні бойы өзіңізді сенімді сезінуге мүмкіндік береді, әрі сән ұпайларыңыздан айырмайды.

Лофер-мюли

Гибридті үлгілер әрдайым айрықша сұраныста, өйткені олар бөлекше, өзгеше көрінеді. Абсолют жайлылыққа үйренгендерге лофер не мокасин стилінде жасалған мюлилер қажет-ақ. Ұзын шалбар кисеңіз, астында мюли екенін ешкім аңғармайды да.

Harper's BAZAAR мақаласының түпнұсқасын сілтеме арқылы оқи аласыз.


Автор. Мария Бурлака. Аударған. Гүлдана Мұқан. Фото. Брендтердің баспасөз қызметі.

Cookie  Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше