«Оскар — 2026» марапатының сыйлық пакеттері биыл да көпшілікті таңғалдырды. Биылғы жылы номинанттарға табысталатын люкс-сыйлықтар жиынтығының жалпы құны шамамен 346 мың долларға жеткен. Бұл туралы E! хабарлады. Ал негізгі санаттар бойынша үміткерлерге берілетін бұл қымбат пакеттің ішінде не бар? Harper’s BAZAAR Kazakhstan назарларыңызға ұсынады.
Басты сыйлықтардың қатарында:
- Ибицадағы сәнді виллада демалыс — әрі бұл демалысқа 16 досыңызды бірге алып баруға болады;
- Липосакция процедурасы;
- Жеке әзірленетін неке келісімшарты — ажырасу жағдайына арналған заңгерлік кеңеспен бірге;
- Алкогольді сусынның бір бөтелкесі;
- Beverly Hills стоматологиялық клиникасынан «голливудтық күлкі» қызметі;
- Құны шамамен 300 доллар болатын криптокарта.
Бұдан бөлек, пакетте тағы не бар?
Сыйлық жиынтығына сонымен қатар: түрлі спа-процедуралар, шоколадтағы бадам секілді тәттілер, тіпті шарап бокалдары да енген.
Бір маңызды жайт бар.
Номинанттар бұл сыйлықтарды тегін алғанымен, кейбір қымбат ұсыныстар — мысалы, сапарлар немесе эстетикалық процедуралар үшін — салықты өздері төлеуі мүмкін.
Өткен жылы «Оскар» сыйлық пакеттеріне Мальдив аралдарына және Барселонаға саяхаттар, сондай-ақ VIP-генеалогиялық зерттеу кіргенін ескерсек, ұйымдастырушылардың жыл сайын бұл деңгейден асып түсуге тырысатыны анық.
Автор. Жанель Муканова. Аударған. Гүлдана Мұқан.