90-жылдардың ұмыт қалған ромкомдары: міндетті түрде көруге тұрарлық фильмдер
Фото. Miramax Films, TriStar Pictures.

90-жылдардың ұмыт қалған ромкомдары: міндетті түрде көруге тұрарлық фильмдер

12 мая 2026

90-жылдардағы романтикалық комедиялар әлдеқашан толық зерттеліп қойғандай көрінеді: бәрі бірдей культке айналған фильмдерді қайта көріп, таныс сахналарды жатқа айтып, сүйікті экрандық жұптарды талқылайды. Алайда көлеңкеде қалып қойған, өзіне тән юморы мен ерекше атмосферасы бар тамаша туындылар әлі де аз емес. Harper’s BAZAAR Kazakhstan сіздер үшін кездейсоқ таныстықтар, сәтсіз кездесулер және махаббат кез келген кедергіні жеңетініне сендіретін жылы әрі сәл аңғал көңіл күйге толы 90-жылдардың аз танылған ромкомдарын жинақтады. Иә, бұл кейіпкерлер өздерінің «ұзақ та бақытты өміріне» міндетті түрде жетеді.

«Дәрігер Голливуд » (1991)

Малознакомые ромкомы 90-х, о которых вы могли не знать
Фото. Warner Bros..

Жас әрі өршіл дәрігер Бен Стоун Лос-Анджелестегі сәнді өмірді армандайды және бай клиенттерге арналған беделді клиникада жұмыс істеуге дайындалып жүреді. Алайда Калифорнияға бара жатқан жолда оның көлігі шағын провинциялық қалада бұзылып қалады. Кездейсоқ оқиғадан кейін сот оны уақытша жергілікті дәрігер болып жұмыс істеуге міндеттейді. Ал нағыз қызық дәл сол сәттен басталады.

«Фанфан – махаббаттың хош иісі» (1993)

Малознакомые ромкомы 90-х, о которых вы могли не знать
Фото. Gaumont.

Александр еркін мінезді әрі жұмбақ Фанфанды кездестіріп, бірден есінен танып ғашық болады. Екеуінің арасында күшті тартылыс пайда болады, бірақ бойжеткен шынайы махаббат тек қол жетпес арман болып қалғанда ғана өмір сүреді деп сенеді. Сондықтан ол байыпты қарым-қатынастан қашып, бәрін флирт деңгейінде қалдыруды жөн көреді. Осылайша жас жігіт бірге болуға деген құштарлық пен мінсіз сезімді жоғалтып алу қорқынысы арасындағы эмоциялық лабиринтке түседі.

«Тек сен» (1994)

Малознакомые ромкомы 90-х, о которых вы могли не знать
Фото. TriStar Pictures.

Бала күнінен бастап Фэйт балгердің «бір күні Дэймон Брэдли есімді жігітті кездестіресің, ол сенің тағдырың болады» деген болжамына сеніп өседі. Тіпті басқа адамға тұрмысқа шығуға дайындалып жүрсе де, ол сол сөздерді ұмыта алмайды. Бір күні дәл осы есімді жігіттің Италияға кеткенін естіген бойжеткен бәрін тастап, оның артынан жолға шығады.

«Французша сүйіс» (1995)

Малознакомые ромкомы 90-х, о которых вы могли не знать
Фото. Working Title Films.

Кейт ұшақтан қатты қорқады, бірақ басқа әйелге көңілі ауып кеткен күйеу жігітін қайтару үшін Францияға баруға мәжбүр болады. Ұшақта ол Люк есімді харизмасы ерекше французбен танысады — сүйкімді, бірақ күмәнді жоспарлары бар авантюрист. Көп ұзамай олардың сапары күлкілі жағдайларға, ұрыс-керістерге және күтпеген жаңалықтарға толы оқиғаға айналады.

«Мысықтар мен иттер туралы шындық» (1996)

Малознакомые ромкомы 90-х, о которых вы могли не знать
Фото. 20th Century Studios.

Эбби — қарым-қатынас жайлы бәрін білетін тапқыр радиожүргізуші. Бірақ ол өзінің сырт келбетіне сенімсіз. Радиотыңдармандарының бірі оның дауысына ғашық болып, кездесуді ұсынғанда, Эбби көрікті көршісі Ноэльден өзін болып көрінуді сұрайды. Ер адам екі қызға бірдей бауыр басып қалады: біріне — сыртқы сұлулығы үшін, екіншісіне — жан дүниесі үшін. Бірақ уақыт өте келе бұл өтірікті жасыру қиындай түседі.

«Сұлу қыздар» (1996)

Малознакомые ромкомы 90-х, о которых вы могли не знать
Фото. Miramax Films.

Пианист Уилли түлектер кездесуіне қатысу үшін туған қаласына оралады және күтпеген жерден онда ұзаққа қалып қояды. Нью-Йорктің қарбаласынан алыста жүріп, ол ескі достарымен қайта қауышады, жастық шағын еске алады әрі қазіргі өміріне шынымен көңілі тола ма деген ойға қалады. Бірнеше қысқы күн ішінде кейіпкер өзгенің қарым-қатынастарына куә болып, ностальгиямен бетпе-бет келеді және махаббаттан, есеюден, болашақтан шын мәнінде не қалайтынын түсінуге тырысады.

«Бейтаныстың жерлеуі» (1996)

Малознакомые ромкомы 90-х, о которых вы могли не знать
Фото. Miramax Films.

Том Томпсон колледжден кейін туған қаласына оралады. Оның мақсаты да, жұмысы да жоқ, өмірден түңіліп кеткен. Бірақ бір күні күтпеген қоңырау бәрін өзгертеді: бұрынғы сыныптасының өз-өзіне қол жұмсағанын естиді. Марқұмның анасы Томнан табыт көтерушілердің бірі болуын өтінеді, өйткені ұлының жақын достары болмаған. Тіпті ол адамды есіне де түсіре алмаса да, Том келіседі. Ал жерлеу рәсімінде ол мектептегі алғашқы махаббатымен қайта кездесіп, өмірге басқаша қарай бастайды.

«Гросс-Пойнттағы кісі өлтіру» (1997)

Малознакомые ромкомы 90-х, о которых вы могли не знать
Фото. Caravan Pictures.

Кәсіби киллер Мартин Блэнк туған қаласына арнайы тапсырмамен келеді. Дәл сол уақытта онда мектеп бітіргендеріне жиырма жыл толуына арналған кездесу өтіп жатады. Үйіне оралған ол қауіпті жұмыспен қатар, мектеп жылдарын, бұрынғы сүйіктісін және айналасындағылардың «осы уақытқа дейін қайда болдың?» деген сұрақтарын қайта бастан кешіреді. Бір жағынан бәсекелестері мен федералды агенттер соңына түссе, екінші жағынан Мартин жеке өмірін де реттеуге тырысады.

«Әдеттегіден өзгеше өмір» (1997)

Малознакомые ромкомы 90-х, о которых вы могли не знать
Фото. Film4 Productions.

Роберт есімді тазалықшыны еш түсініктемесіз жұмыстан шығарып жібереді. Ашуға булыққан ол бай бастығының ерке әрі оғаш қызы Селинді ұрлап кетуге бел буады. Осы уақытта көкте екі періште шынайы махаббаттың әлі де бар екенін дәлелдеуге тырысып, кейіпкерлердің тағдырына күтпеген жолдармен араласа бастайды.

«Өткеннен келген жарылыс» (1998)

Малознакомые ромкомы 90-х, о которых вы могли не знать
Фото. Midnight Sun Pictures.

Кариб дағдарысы кезінде ғалым Кэлвин Уэббердің отбасы кездейсоқ ұшақ апатын ядролық соғыстың басталуы деп ойлап, арнайы бункерге жасырынады. Ерлі-зайыптылар онда ондаған жыл өмір сүріп, ұлдары Адамды сыртқы әлемнен толық оқшаулап тәрбиелейді. Арада 35 жыл өткенде жас жігіт алғаш рет жер бетіне шығып, заманауи өмірдің ережелері мен әдеттерін мүлде түсінбей қалады. 1990-жылдардың шындығымен және Ив есімді қызбен танысуы ол үшін үлкен мәдени шокқа, сонымен бірге есею жолындағы ерекше оқиғаның басталуына айналады.


Автор. Жанель Муканова. Аударған. Гүлдана Мұқан.

Cookie  Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше