Шолақ шалбарлар - аптап ыстық маусымның гардеробындағы негізгі киімдердің бірі болып қала бермек. Ендігі міндет — оларды күнделікті өмірге ыңғайлы әрі стильді етіп үйлестіру. Сонымен қатар образ тым жасөспірімше немесе инфантильді көрінбеуі де маңызды. Осы ретте сән мамандары еркін пішіндегі киімдерді текстуралы не талғампаз элементтермен үйлестіруге кеңес береді. Біз де бұл ұсыныстарды қолдаймыз. Harper’s BAZAAR Kazakhstan осы маусымда шолақ шалбарларды қалай сәндеуге болатынын айтып көрсетеді.
Артық ештеңесі жоқ
Мұндай образ кеңсе үшін аса қолайлы болмауы мүмкін. Бірақ одан тыс жерде кең пішінді жейде мен джинс шортты жалпақ белдікпен және вьетнамкалармен еркін үйлестіре аласыз. Үлкен сөмке де артық етпейді — әсіресе пикникке не киноға баруды жоспарласаңыз.
Бетонды джунгли
Бүгінде қалалық стильдегі камуфляж тропикалық бағыттан аса ерекшеленбейді. Бір түстес киімдерді таңдаңыз, әсіресе ашық реңктерге басымдық берген жөн. Мысалы, крем түсті палитра ыстықтан қорғай отырып, кез келген жағдайға лайық образ қалыптастырады.
Қаталдық танытатын кезең
Кейде шолақ шалбарлар образға аздап ойнақылық қосуы мүмкін — әрі бұл өте орынды. Іскерлік стильдегі қатаң киімдер шортпен үйлескенде тым ресмилігін жоғалтады, ал дәл осы әсер қазір сәнде жоғары бағаланады. Қысқа бермудалар қысқа белдемшенің тамаша әрі ыңғайлы баламасына айнала алады.
Satin for Day
Сатин матасынан тігілген костюмдер теріні жағымды салқындатады. Сонымен қатар олар еш күш салмай-ақ тартымды әрі еркін көрінудің таптырмас тәсілі. Ауа райы салқындау болса, иыққа жеңіл күрте іле салыңыз. Қалай болғанда да, жеңіл блуза мен шортты контраст аксессуарлармен толықтырған дұрыс.
Аддамстар отбасы
Жолақты футболка мен қара шорт сізді Пагсли Аддамсқа ұқсатып жібереді деп уайымдамаңыз. Кейіпкерді қайталамас үшін текстуралы маталар мен көзге түсетін аксессуарларды таңдаңыз. Бақалшықтан жасалған алқа мен перфорациялы лоферлер де бұл образдың ажырамас бөлігіне айналады.
Сәнді қозғалыс
Жаздың ыстық күндерінің өзінде кешкі мезгіл салқындау болуы мүмкін. Сондықтан шолақ шалбарларды топтармен, трендтегі ПВХ мюлилермен және жайлы кардигандармен үйлестірген жөн. Ал карго үлгісіндегі шорт образға батылдық пен еркіндік береді. Иә, дәл қазір бәрі іздеп жүрген сол еркіндік.
Harper's BAZAAR ұсынған мақаланың түпнұсқасын сілтеме арқылы оқи аласыз.
Автор. Мария Бурлака. Аударған. Мұқан Гүлдана. Фото. Брендтердің баспасөз қызметі.