Практикалық әрі бір мезетте трендке сай киіну оңай — оған тік жағалы күртешелер көмектеседі. Биік жағалы бұл модельдер өткен күзден бері сәнқой қыз-келіншектердің гардеробына біртіндеп еніп келеді. Дегенмен, оларды мүлде жаңа немесе тың жаңалық деуге келмейді. Соған қарамастан, мұндай жеңіл сырт киім жел мен жаңбырдан тамаша қорғайды әрі образға ерекше сән мен мінез береді. Иә, дәл қазір бірсарынды тренчтер мен қысқа пальтоларды уақытша ысырып қойып, жеңіл, әмбебап әрі заманауи нұсқаларға басымдық беруге болады. Chloé, Khaite және Altuzarra көрсетілімдерінен кейін тік жағалы күртешелер сән әлемінде де, стритстайл жұлдыздарының арасында да кең қолдау тапты. Егер сіз де осы трендке қосылғыңыз келсе, Harper’s BAZAAR Kazakhstan дайындаған гидтен өзіңізге мінсіз үлгілерді таба аласыз.
The Frankie Shop
Cos
Asos
Nour Hammour
Alaïa
& Other Stories
Khaite
Barbour
Reiss
Harper's BAZAAR UK мақаласының түпнұсқасын сілтеме арқылы оқи аласыз.
Автор. Мария Бурлака. Аударған. Гүлдана Мұқан. Фото. Брендтердің баспасөз қызметі.