Көктемнің соңғы тынысы: 25–31 мамырға арналған жұлдыз-жорамал
Фото. Жаклин Адамс.

Көктемнің соңғы тынысы: 25–31 мамырға арналған жұлдыз-жорамал

25 мая 2026

Мамырдың мамыражай күндері баяу алыстап барады. Артында гүлдеген пиондардың хош иісі, ұзақ әрі жылы кештерге деген сағыныш және жазды асыға күту сезімі қалады. Көктемнің соңғы аптасы — ішкі әлеміңізді ретке келтіріп, жаңа маусымға дайындалуға таптырмас уақыт. Қала жаңа круиздік топтамаларды сәнге айналдырып жатқанда, жұлдыздар да әр белгіге өз сценарийін әзірлеп қойған. Алдағы аптаның астарлы белгілерін бірге оқиық.

Тоқты

Тоқтылар үшін бұрынғы бағдарлар өз маңызын жоғалтып, олардың орнын әлдеқайда ауқымды мүмкіндіктер басады. Жаңа белестер тартымды көрінгенімен, оған жету жолы оңай болмайды. Бұл апта — кәсіби тұрғыда қарқынды марафон кезеңі. Басқаруды өз қолыңызға алыңыз: сіздің мақсатыңызға апарар жолды ешкім сізден артық білмейді.

Торпақ

Торпақтар бұрын сенім артқан жұмыс тәсілдерінің енді бұрынғыдай нәтиже бермейтінін түсінеді. Өз ережелеріңізді қайта жазатын уақыт келді. Жеке өмірде тыныштық пен тұрақтылыққа басымдық беріледі — бағалы қарым-қатынастарды нығайтыңыз. Демалыс күндерін өзіңізге арнап, толыққанды велнес-детокс ұйымдастырған жөн.

Егіздер

Сіздің ойыңызды жаңа әрі батыл идея жаулап алды. Бұл шабыт сізге ерекше жарасады. Ең бастысы — оны кейінге қалдырумен өшіріп алмау. Дәл қазір әрекет ететін сәт туды. Энергияңыз шарықтау шегінде тұрған кезде шешім қабылдаудан қорықпаңыз.

Ускользающая весна: гороскоп на неделю с 25 по 31 мая
Фото. Жаклин Адамс.

Шаян

Сарышаяндар үшін кәсіби қабілеттерін көрсету кезеңі басталады. Айналаңызда тиімді ұсыныстар мен жаңа мүмкіндіктер көбейеді. Тек бір нәрсе ғана сізді тежей алады — өзгерістен қорқу. Өз интуицияңызға сеніңіз: ол сізді дұрыс бағыттан адастырмайды.

Арыстан

Мергендер сабыр сақтауды үйренетін аптаға қадам басады. Әдеттегі қарқынды өмір ырғағы баяулап, істеріңізде кідірістер болуы мүмкін. Бірақ бұл — уақытша құбылыс. Жедел нәтиже күтпей, өзіңізге тынығуға мүмкіндік беріңіз. Қазір асықпай, күш жинайтын кезең.

Бикеш

Жұлдыздар айналада аздап хаос тудырғанымен, сіздің басты артықшылығыңыз — сабыр мен ұстамдылық. Арандатуларға ермеңіз. Апта соңына қарай еңбегіңіздің өтеуі романтикалық әсермен келеді. Жұмыс пен дедлайндарды бір сәтке ұмытып, сезімге ерік беріңіз.

Ускользающая весна: гороскоп на неделю с 25 по 31 мая
Фото. Жаклин Адамс.

Таразы

Бұл аптадағы басты күшіңіз — байланыс орната білу қабілеті. Жұлдыздар қоғамдық кездесулер мен іскерлік кештерден бас тартпауға кеңес береді. Жаңа таныстықтар тек мансаптық мүмкіндік әкеліп қана қоймай, жеке өміріңізге де әсер етуі ықтимал. Көпшіліктің арасынан ерекше жанды кездестіруіңіз мүмкін. Әлемге ашық болыңыз.

Сарышаян

Сарышаяндар үшін мінсіз іскерлік шеберлікті көрсету уақыты келді. Айналаңызда үміт сыйлар ондаған мүмкіндік шоғырлануда — сізге тек қол созу қалады. Жеңісті баяулатуы мүмкін жалғыз триггер — жайлылық аймағынан шығуға деген кенет қорқыныш. Басты қаруыңыз — феноменалды интуицияға сүйеніңіз. Ол кез келген күмәннің арасымен мүлтіксіз жетелейді.

Мерген

Мергендер сабыр сақтауды үйренетін аптаға қадам басады. Әдеттегі қарқынды өмір ырғағы баяулап, істеріңізде кідірістер болуы мүмкін. Бірақ бұл — уақытша құбылыс. Жедел нәтиже күтпей, өзіңізге тынығуға мүмкіндік беріңіз. Қазір асықпай, күш жинайтын кезең.

Ускользающая весна: гороскоп на неделю с 25 по 31 мая
Фото. Жаклин Адамс.

Тауешкі

Жұлдыздар айналада аздап хаос тудырғанымен, сіздің басты артықшылығыңыз — сабыр мен ұстамдылық. Арандатуларға ермеңіз. Апта соңына қарай еңбегіңіздің өтеуі романтикалық әсермен келеді. Жұмыс пен дедлайндарды бір сәтке ұмытып, сезімге ерік беріңіз.

Суқұйғыш

Өміріндегі үлкен өзгерістерге ең дайын белгінің бірі — Суқұйғыштар. Сіз көптен бері жаңаруды қалап жүрсіз, енді сол мүмкіндік келді. Бірақ өзгеріс икемділікті талап етеді. Ескі көзқарастардан бас тартып, жаңаша ойлауға тырысыңыз. Әйтпесе, бәрі бұрынғы орнында қала береді.

Балықтар

Сіздің табиғи сезімталдығыңыз бен ішкі түйсігіңіз ерекше күшейеді. Айтқан сөздеріңіз бен ойларыңыздың әсері зор болуы мүмкін, сондықтан абай болған жөн. Бұл қабілетті жақындарыңызды сенімсіз адамдардан қорғауға пайдаланыңыз. Аптаның жағымды тосынсыйы — күтпеген қаржылық табыс.


Автор. Жанель Муканова. Аударған. Гүлдана Мұқан.

Cookie  Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше