«Mūğalım» Сан-Себастьянда: қазақстандық фильмнің халықаралық премьерасы өтті
Фото. Instagram @mugalim.film

«Mūğalım» Сан-Себастьянда: қазақстандық фильмнің халықаралық премьерасы өтті

Гүлдана Мұқан
22 сентября 2026

«Mūğalım» фильмі халықаралық көрерменге жол тартты. Қазақстандық туындының премьерасы беделді San Sebastián Film Festival 2026 кинофестивалінің New Directors бағдарламасы аясында өтті. 20 қыркүйекте «Mūğalım» фильмінің командасы Испанияның Сан-Себастьян қаласында өтіп жатқан San Sebastián Film Festival 2026 фестивалінде туындыны халықаралық көрерменге таныстырды. Көрсетілім фестивальдің New Directors бағдарламасы аясында Kursaal залында өтті.

Фильм командасы үшін бұл күн ерекше әрі есте қаларлық сәттердің біріне айналды. Олар әлеуметтік желідегі парақшасында халықаралық премьераның атмосферасымен бөлісіп, көрермендерге көрсетілімнен қысқаша кадрлар ұсынды. «Біз үшін ерекше әрі есте қаларлық күн. Осы маңызды сәтті бізбен бірге бөліскен баршаңызға рақмет», — деп жазды фильм өкілдері.

«Mūğalım» фильмінің San Sebastián Film Festival 2026 аясындағы көрсетілімі — туындының халықаралық премьерасы. Ал New Directors бағдарламасы жаңа буын режиссерлерінің жұмыстарын халықаралық аудиторияға таныстыруға бағытталған. Сан-Себастьяндағы премьерадан кейін фильм командасы бұл күннің естеліктері ұзақ уақыт бойы өздерімен бірге қалатынын атап өтті. Енді отандық көрермен жаңа толықметрді 8 қазаннан бастап еліміздің барлық кинотеатрларынан көре алмақ.


Cookie  Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше