Стендап – бұл психотерапия. Өмірде, жеке басыңда болып жатқан барлық проблемаларды әзілге айналдырып, көпшілікпен бөлісесің. Сөйтіп, жеңілдеп қаласың дейді әзілкеш Нұрмахан Мұқанұлы. Ол жуырда Алматыда өткен Аlem Comedy Fest фестивалінде «қазақ тіліндегі үздік комик» номинациясын жеңіп алды. Біреу білсе, біреу білмес, Нұрмахан атақты “Бизнес по-казахски в Корее” және “Моя большая казахская семья” фильмдерінің сценаристі. Өмірдегі кез келген жағдайға әзілмен қарағанды құп көретін ол стендап жанырына 6 жыл бұрын келген. Бірақ оның бұл жұмысын ата-анасы қабылдай алмай жүр. Ол туралы әзілкеш Harper’s BAZAAR Kazakhstan редакциясына берген сұхбатында айтып өтті.

Фото: РЕЗЕДА НЕБОГОВА REZEDA NEBOGOVA
Стиль: ДАРЬЯ ЛУКИНСКАЯ DARIYA LUKINSKAYA
Интервью: МАГЖАН АХМАДИНА MAGZHAN AHMADINA

Нұрмахан, бүгінгі күні біздің қазақ әзілкештерінің деңгейі қандай?

Негізі әзілкештерді бағытына қарай бөлген дұрыс шығар. Мен өзім ішінде жүрген стендап жанрын айтайын. Соңғы бір жыл болды, деңгейі жоғарылап келеді. Әсіресе қазақ тілінде. Оны YouTube-пен TikTok-тағы қаралым санынан-ақ байқап жүрміз. Соған сай сұраныс та артып жатыр. Және біз дамуды тоқтатпаймыз деген үміттеміз.

Қандай тақырыптар қозғалып жүр және көрермендерге көбіне қандай бағытағы әзілдер ұнайды?

Жалпы стендап жанрында комиктер өзін мазалап жүрген тақырыптарды қозғайды. Үйленгендер әйелі немесе күйеуімен қарым қатынасы жайлы, студенттер сабақ пен асқазан мәселесін, ақшадан қиналып жүргендерін айтады. Абсурдтық тақырыптар да жетеді. Өз басым сүрбойдақ болған соң негізінен сол жайлы, жас қыздармен танысуым, ата-анамның оған көзқарасын айтамын. Біз қозғаған тақырыптардан көрермен өзін көріп риза болып жатады. Жалпы “жиза” тақырыптар көрерменнің үлкен сұранысына ие.

Нұрмахан Мұқанұлы
БРЮКИ, HOWE; ШАПАН, СОБСТВЕННОСТЬ СТИЛИСТА.
Нұрмахан Мұқанұлы
ШАПАН, СОБСТВЕННОСТЬ СТИЛИСТА.

Стендап қаншалықты жеңіл, күлкілі болғынмен, ол қоғамдағы бір түйіткілді мәселелерді көтереді. Сонда ол комедия емес, драма деген пікір бар. Сонымен келісесіз бе?

Иә, келісемін. Кез келген комик сахнаға шығып өзінің проблемасын айтады. Басқа біреуге барып жеке айта алмауы мүмкін, бірақ сахнаға шығып, әзіл арқылы көпшілікке жеткізеді. Сондықтан да стендапты психотерапия деп айтып жатады. Сол арқылы өз проблемаңа жеңіл қарайсың. Дәл сендегідей проблемасы бар көрермен болса күлу арқылы жеңілдеп қалады. Стендап арқылы өз проблемамызды шешіп тастамасақ та, оны дұрыс қабылдауды үйрендік.

Жалпы өмірде қандайсыз? Сахнадағы Нұрмахан мен өмірдегі Нұрмаханның айырмашылығы бар ма? Отбасыңыз осы жұмысыңызға қалай қарайды?

Стендаптың бір ерекшелігі өмірдегі өзіңді көрсетесің. Түсірілім кезінде болмаса,  басқа кештерде арнайы сахналық киімді де қажет етпейді. Қалай барсың солай шығасың. Бір ерекшелігі, өмірде көп әзілдемеуім мүмкін. Күнделікті өмірде аз сөйлейтін, ой үстінде жүретін, салмақты Нұрмаханмын. Сахнада сол ойларымды әзіл арқылы жеткізуге тырысамын. Ата-анамның көзқарасы керемет деп айта алмаймын. Олар проблемаларымды сахнада айтқанымды қабылдай алмай жүр. Әсіресе өздері жайлы айтқанымды. Бірақ оларға сіздер көретін нәрсе емес деп ескерткенмін. Болашақта жұбайым жайлы да стендапта айтқым келіп жүр. Ол үшін алдымен сол жанды кездестіру керек.

Нұрмахан Мұқанұлы: ата-анам проблемаларымды сахнада айтқанымды қабылдай алмай жүр
ПИДЖАК, ВОДОЛАЗКА, БРЮКИ, ВСЕ SHOQAN.

Адамдарды күлдіртіп, оларға көңіл күй сыйлау сіздің жұмысыңыз. Көңіл күйіңіз болмай сахнаға шығып көрдіңіз бе? Сондай жағдайда не істейсіз?

Қатты көңіл күйім болмай сахнаға шыққаным есімде жоқ. Бірақ сәтсіз өнер көрсетуден соң көңіл күйімнің түскен кездері көп болды. Ондай кезде өзімді ұстауға тырысамын. Бір рет Қызылорда қаласында сахнаға жоғары дене қызуымен шыққаным бар. Барынша тырыстым, бірақ күлдіру қиын болды. Стендаптың бір жақсы жері ауырып тұрғаныңды көпшілікке айта аласың. Және көрермен қолдап, керісінше сенің көңіліңді көтеріп жібереді.

Атақты комиктерден кімді қарайсыз, кім ұнайды және кімге еліктегіңіз келеді?

Бала кезде кімге еліктемедік?!  Қазір ондай кезеңнен өтіп кеттім. Жаныма жақын комиктердің бәрін қарауға тырысам. Әлемдік деңгейде Луи Си Кей, Дэйв Шапелл. Өзіміздің Сабуров, Чебатков бар. Басқа да комиктердің концерттерін көріп жүремін. Бірінші кезекте тәжірибе жинақтау үшін оларды қараймын. Олардан жаңа нәрселер үйренуге тырысамын.

Жалпы жұмыс барасында қандай қиындықтар кездеседі? Біздің қоғам әзілкештерді қалай қабылдап жүр?

Ең бірінші қиындық ол, осы стендапты жұмысымызға айналдыра алмай жүргеніміз. Қазіргі күні бос уақытымызда айналысатын ісіміз ретінде ғана қарап жүрміз. Кәсіби айналысу үшін Алматыда LEP club деген клубымызды аштық. Qazaq Stand Up ұжымының дайындық алаңы десек те болады. Бұл әзірше, еліміздегі тек қазақ тілінде стендап өтетін жалғыз клуб.

Жуырда өткен Alem comedy fest фестиваліне қатыстыңыз жалпы қалай өтті?

Меніңше фестиваль жоғары деңгейде өтті. Жалпы мұндай фестивальдің өтуі стендаптың дамуына зор әсер етеді. Жан жақтан келген комиктердің бір жерде бас қосуы тәжірибе алмасу үшін, болашақта бірлесіп жұмыс істеу үшін өте қажет дүние. 

Нұрмахан Мұқанұлы: ата-анам проблемаларымды сахнада айтқанымды қабылдай алмай жүр
ПИДЖАК, ВОДОЛАЗКА, БРЮКИ, ВСЕ SHOQAN.

«Үздік қазақ тілді комик номинациясын» жеңіп алдыңыз, қандай әсерде болдыңыз?

Алдымен осы номинацияда мені таңдағандарыңыз үшін сіздерге көп рахмет! Шынымды айтсам сәл ыңғайсыздандым. Өйткені, менен де лайықты мықты комиктер болды. Алғаш рет өтіп жатқандықтан тәжірибесі бар комик ретінде берген шығар деген ой болды. Алдағы уақытта осы атқа лайық болуға тырысамын.


ВИЗАЖИСТ: МАДИНА КОНЫСБАЕВА.

Поделиться: