«Ninety One» тобындағы сүрбойдақ — Bala! Бүгінде басы бос мембердің жүрегін жаулау үшін қыздар кезекке тұруға әзір. Дегенмен Данияр Кулумшин жеке өмірі жайлы жария етпейді. Ол барынша жасырын жүруге құмар.

«91»-лік серінің бүгінде басы босы екенін фанаттары пайданалып кетті. Мемберге өзінің жанкүйері үйленуге ұсыныс жасады. Бишеш тіпті Даниярға жүзігі мен бір шоқ гүлін алып келген.

Оқиға блогер Zheka Fatbelly ұсынған «Fatbelly Show»-да орын алды. Даниярды ыңғайсыз сәтке қалдырған жоба YouTube платформасында жарық көрді. Скетч-шоуда сондай-ақ, Alem, Ace және ZaQ қатысты. Данияр тізерлеп ұсыныс жасаған фанатына «Иә» деп жауап бермеді, жігіттер әзілмен Bala-ға ойлануға уақыт керек деп тақырыпты жылы жауып қойды.


Автор. Harper’s BAZAAR Kazakhstan. Источник заглавного фото: Instagram @bqlq.qi

Поделиться: