Асыға тосқан Қасиетті Рамазан айы да келіп жетті. Бұл кезең — мұсылмандар үшін ең маңызды уақыт саналады. Ал отандық  жұлдыздар арасында кім ауыз бекітті? Бірге білейік….

Шоу-бизнес өкілдері тығыз күн тәртібі мен гастрольдық сапарларына қарамастан ораза ұстайды. Бұл орайда тізімде, бес уақыт намазға келген танымалдар бірінші қатарда. Олар Құдайдың алдындағы парызын ұмыт қалдырмайды. Мәселен, Айдана Меденова, Алтынай Жолдыбаева, Aeka Posh сынды медиа тұлғалар өзгелерге үлгі болып жүр.

Камшәт Жолдыбаеваның да аузы берік. Әнші оған қоса араб тілін меңгеріп, орамалға келуге дайындалып жүр. Себебі Жолдыбаеваны соңғы кездері жабық образдарда жиі көресіз.

Биыл блогер әрі инста модель Madlen де биыл ораза ұстаған жұлдыздар қатарына қосылды. Желі жұлдызы оған қоса диетаға да отырған. Мадина Мамадалиева осылайша екі оқпен бір қоянды атып алмақ ниетте. Сылқымның парақшасындағы stories-тарды байқасақ, мақсат – арықтау сияқты.

Арчи да биыл ауыз бекітті. Блогер фолловерлеріне кезінде 105 келі болғанын көрсетіп, артық салмақпен күрескенін көрсетті. Өзгелерге арықтауға мотивация сыйлаған Артур Асқарұлы Рамазан айы таптырмас мүмкіндік дейді.


Автор. Harper’s BAZAAR Kazakhstan. Источник заглавного фото: Instagram @_m_a_d_l_e_n

Поделиться: