Әлемдік музыка нарығын қазақстандық музыканттар ғана емес, клипмейкерлер де жаулап жатыр. Мәселен, отандастарымыз Канье Уэстке бейнебаян таспалап берді. Рэпермен бірге жұмыс істегендер қатарында – Медет Шаяхметов, Қайсар Әділхан және Buralqy студиясы бар.

Канье Уэсттың жаңа альбомына енген «Vultures» трегіне арналған клипті қазақтар таспалады. Рэпер тректі Ty Dolla $ign, Bump J және Lil Durk атты музыканттармен бірігіп ұсынған.  Клип – анимациялық форматта. Төрт жарым минуттық бейнебаяның пост-продакшыны Медет Шаяхметовтың командасына тиесілі. Оны жүзеге асыруға Buralqy VFX-студиясы мен клипмейкер Қайсар Әділхан жәрдемдескен. Туынды YouTube видеохостингінде бірнеше тәулікте 4 млн-ға жуық қаралым жинады.

Жас болса да жаһанға танымал режиссер Айсұлтан Сейітов Канье Уэстпен 2021 жылы бірге жұмыс жасаған болатын. Айсұлтан әйгілі рэпердің «Donda» үнтаспасына Марат Шайямен бірге креативті продюсері атанған еді.

Еске салсақ, Айсұлтан Сейітов бұған дейін  Offset, 21 Savage сынды америкалық хип-хоп орындаушыларға режиссерлық еткен. Тіпті, оның қолынан шыққан «A Lot» бейнебаяны рэп бағытындағы туындылар арасынан «Грэмми» марапатын еншіледі.

Медет Шаяхметов АҚШ-та әйгілі Chief Keef-тің туындысына режиссер атанды. Клипмейкер музыкантқа 1 сағаттың ішінде iPhone ұялы телефонына клип таспалаған.

Ал Айсұлтан 21 Savage-ға түсірген бейнебаян 2019 жылы қаңтар айында таспаланды. Рэпер J. Cole да бой көрсеткен клип Атлантта да түсірілген. Туынды YouTube видеохостингінде 5 жылда 660 миллион қаралым жинады.

Directed by Aisultan Seitov! Айсұлтанның қоржынында әлемге әйгілі рэпер Offset-тің «Red Room» клипі де бар. 4 жыл бұрын жарық көрген бейнебаян желіде 65 миллион рет қаралған.

Сейітов Migos, Young Thug және Travis Scott-пен де бірге коллаборация жасады. Режиссер аты аталған әртістердің «Give No Fxk» композициясына клип түсіріп берген.

Õzen лейблының негізін қалаған режиссер Айзатулла Хусейн ТМД-ға танымал рэпер Twuver-дің клипіне режиссерлық еткен. Музыканттың 4 жыл бұрын жақсы көрген «Медали» трегін бүгінде 5 миллион рет қаралған. Еске салсақ, Айза қазіргі таңда õzen-нен кеткен.

Желі жұлдыздары Jokeasses ұжымының мүшесі Жандос Тұнгышбаев пен оператор Азамат Дулатов да шетелдік әртістермен жұмыс жасап, тәжіриебе жинаған. Ол — ТМД-ға әйгілі әнші Jony-дің «Комета» трегі. 3 жыл бұрын ұсынылған видео туынды, бүгінде 29 миллион көрсеткішке ие,


Автор. Harper’s BAZAAR Kazakhstan. Источник заглавного фото: Instagram @aisultan

Поделиться: