Атақты актерлер өнер жолында нені құрбан етті? Өзі қалаған рөлді иемденіп, оны керемет сомдап шығу үшін өз ісінің шеберлері не нәрсеге де болсын барады. Бүгін біз актерлердің киноға түсу үшін жасаған ерліктерін еске алып, батылдықтарына «бәрекелді» дейміз.

Марго Робби

Кез келген образға асқан шеберлікпен енеді. Мәселен, «Тоня барлығына қарсы шығады» фильмінің түсірілімдерінде Марго мәнерлеп сырғанаушыны ойнап, бір күннің ішінде бірнеше рет түрленуге мәжбүр болды. Таңертең ол жасөспірім қызды ойнаса, түстен кейін есейген басты кейіпкерді сомдады, ал кешке қайтадан қызға айналуы тиіс болды. Мұндай тығыз жұмыс кестесі актрисаны әбден қажытты. Бұл аздай, ол 4 ай бойы күн сайын мұз айдынына жұмысқа барғандай барды: аптасына 5 күн бапкермен күніне 4 сағаттан жаттықты. Осының барлығы экраннан мінсіз, кәсіби сырғанаушы ретінде көріну үшін жасалды.

Қолына пышақ алып, жағын тіліп жіберді!
Дарынды актерлердің жанқиярлығы. Марго Робби рөліне асқан шеберлікпен енеді

Осылайша, ол омыртқасына жарық түсірді…

«Өзін-өзі өлтірушілер тобы» фильмінде бүкіл әлемге ессіз Харли Квинді көрсету үшін Марго Харлиге қатысты барлық комикстерді оқып шықты. Джиу-джитсудан сабақ алып, су астында дем алмай тұруды үйренді. Осылайша, көп ұзамай, өзінің жаттықтырушысымен жарысатын деңгейге жетті. Түсіру алаңындағы әріптестері Маргоның рөлімен аса қатты әуестеніп кеткеніне қарап, оның өмірі үшін қам жей бастады.

Брайан Крэнстон

Breaking Bad сериалында наркобаронның рөлін ойнаған актер метамфетаминді өз қолымен қайнатуды үйренбесе, образы соншалықты сенімді шықпас еді. Құқыққа қайшы бұл іспен Брайан жасырын айналысқан. Алайда Есірткі туралы заңдардың қолданылуын бақылайтын әкімшілік, нақтырақ айтсақ, аталмыш әкімшіліктегі штаттық химик-кеңесшілер бақылап отырған.

Қолына пышақ алып, жағын тіліп жіберді!
Сурет IMDb

Шайя Лабаф

«Қаһардың» түсірілімінде Брэд Питті қатты ашуландыратын болған. Жалғыз Питті ғана емес шығар тіпті. Себебі Шайя төрт ай бойы жуынбапты (күнделікті жаттығулары тағы бар!). Рөліне ену үшін ол тіпті сау тұрған тісін жұлдырған, алайда мұнымен де тоқтамаған. Бірде Шайя гриміне шынайылық жетіспейді деп, пышақпен жағын тіліп жіберген. Осылайша бір ай бойы жараны емдемеген.

Брэд Питт

Ол да аянбады. «Күрескерлер клубына» түскенде ол көзге ұрып тұрған үйлесімсіздікті байқайды: Питтің кейіпкері жүрген бір сілімтік, ал актердің өзі күлкісі әдемі голливудтық сері. Мұны байқаған Брэд дереу дәрігерге барып, тісін сындыртады. Түсірілім аяқталған соң тісін жөндетті ғой әрине, алайда мұның аса жағымды іс екеніне күмәніміз бар.

Қолына пышақ алып, жағын тіліп жіберді!
Сурет IMDb

Шарлиз Терон

«Монстр» фильмінде қатарынан кісі өлтірушіні сомдау үшін ел танымастай мүлдем басқа кейіпке еніп, көпшілікті таңғалдырды. Миллиондаған жан әйелге тән нәзіктік пен сұлулықтың үлгісі санайтын актриса 14 келіге толығады. Денесі жайылып, арнайы протез тіс киіп, түрін ажарсыз ететін грим жақты (фильмдегі кейіпкердің терісі Шарлизбен салыстырғанда өте нашар).

Қолына пышақ алып, жағын тіліп жіберді!
Дарынды актерлердің жанқиярлығы. Шарлиз Терон бөтен адамның кейпіне енді. Сурет IMDb

Николас Кейдж

Өнер үшін маскүнемдікке салына жаздады. «Лас Вегаспен қоштасу» фильмінің түсіріліміне актер Дублин пабтарында дайындалды. Әдейі ішімдікке сылқия тойып, алкоголь ішкендегі өзінің іс-қимылын зерттеді. Осылайша екі апта бойы «құрғаған жоқ». Кейдж сонымен қатар өзінің әрбір қимылы мен сөзіне жіті мән беру үшін досынан өзін видеоға түсіруді өтінген. Абырой болғанда, оған екі апта жеткілікті болды. Әйтпесе, Кейдждің өзі рөліне дайындық кезінде ішкіштермен сөйлесу үшін жиі барып тұрған наркология және басқа да емханалардың емделушісіне айналар еді.

Қолына пышақ алып, жағын тіліп жіберді!
Дарынды актерлердің жанқиярлығы. Николас Кейдж маскүнемге айнала жаздады

Мишель Уильямс

Мэрилин Монроның рөлін қатты сомдағысы келгені соншалықты, ХХ ғасырдың ең тартымды әйелінің әйгілі жүрісін салу үшін бірнеше ай қиналған. Ол үшін Мишель тізесін белдікпен байлаған. Сонымен қатар, бірнеше келіге толығып, күн сайын Мэрилиннің образындағы гриммен жүріп, оның сөйлеу мәнерін айнытпай салу үшін 6 ай бойы онымен жасалған сұхбаттарды тыңдап, оның күнделіктері мен хаттарын оқыған.

Клинт Иствуд

Таңғажайып табандылық танытты – «Кешірілмеген» фильміндегі рөліне қартайып жетті. Актер алғаш рет сценариймен танысып, оған құлай ғашық болған шақта кейіпкердің жасы Клинт Иствудтың өзінен 10 жасқа үлкен болатын. Актер осы рөл үшін қалай болғанда да «қартаюға» бел буды. Дәл осы вестернге түсу үшін, актер фильмді түсіру құқығын сатып алып (ешкім тартып алмасын деп), сценарийді 10 жылға «зынданға тастады». Осылайша, араға 10 жыл салып, қалаған жасына жетіп, фильмде ойнап шықты. Нәтижесінде шоқтығы биік фильм төрт «Оскарды» иеленді.

Қолына пышақ алып, жағын тіліп жіберді!
Сурет IMDb

Натали Портман мен Мила Кунис

«Қара аққудың» түсірілімдеріне дайындық барысында актрисалар әбден азып, жүйкелерін жұқартты. Онсыз да сырықтай қыздар әрқайсысы 9 кг-нан тастады. Натали Портман осы рөлі үшін астан алмай, күніне 5-6 сағаттан жаттықты. «Өліп қалатын шығармын деп ойладым», — дейді кейін актриса. Өлмей ше: түсірілімге ол күннің 12-14 сағатын арнап отырған. Және бұған қоса жаттығулар тағы бар! Актриса әбден қалжырағанда, туыстары ол үшін алаңдай бастады. Алайда түсірілімді тоқтатуға болмайды, ол өзіне тән батылдықпен жұмысты жалғастыра берді.

Армандаған «Оскарды» Натали Портман иеленді-ау, алайда қалпына келуіне біршама уақыт кетті.

Дэнни де Вито

«Көкектің ұясының үстімен ұшқанда» фильмінің түсірілімі кезінде есінен ауыса жаздады. Және жалғыз өзі емес. Бүкіл түсіру тобы «сәл-пәл қуа бастады»: актерлер нағыз жындыханада өмір сүріп, көбісінің есі ауысып, жүйкелері сыр берді. Картинаның шынайы шығуы үшін олар өздерін құрбан етті: көп ұзамай актерлер сол көрініске еніп кеткені соншалықты, оларды емхананың шын науқастарынан ажырату мүмкін болмай қалды. Дэнни де Вито тіпті елесіндегі досымен тілдесе бастады.

Қолына пышақ алып, жағын тіліп жіберді!
Сурет IMDb

Актерлердің мұндай жанқиярлығына не айтасыздар?


Harper’s BAZAAR Kazakhstan.

Поделиться: