ҚР Халық әртісі Роза Рымбаева алаяқтардың құрбаны атанды. Эстрада жұлдызы 70 миллион теңгеге алданып қалған. Оқиға 2013 жылы С. Бекқайыров есімді азамат, танысын арбау арқылы қомақты соммаға ие болған сәттен басталған. Ол тіпті Д. Тұрлыхановты 1 миллион 200 мың теңгесін бір белгісіз жобаға инвестиция жасауға дейін үгіттей алған.

Ал 2017 жылы Бекқайыров таныстары арқылы Роза Рымбаеваға шыққан. Тіпті белгісіз ер азаматқа, ҚР Халық әртісі жылжымайтын мүлік сатады деген ақпарат жеткен. Бекқайыровтың сөзінше ол Роза ханыммен алып-сату жөніде келісім-шартқа отырған. Baq.kz сайтының мәліментінше, қалған сомманы әншіге қайтарамын деген Бекқайыровтың уәдесі де болған.

«Кездесуде Бекқайыров Рымбаеваға 195 мың доллар табыстаған. Ал қалған 69 миллион 427 мың 350 теңгені сол күйі төлемеген», — дейді атқарушы билік органдары.

Аталмыш қылмыстық іс бойынша 2024 жылдың 9 қаңтарында бірінші сот отырысы өткізілген. Келесі сот ісінің күні әлі белгісіз. Оған қоса желідегі мәліметтерге сүйенсек, айыпталушының адвокаты оның Қазақстанда болмауына орай, істі кейінгі шегеруді талап етіп отыр екен.


Автор. Harper’s BAZAAR Kazakhstan. Источник заглавного фото: Instagram @rozarymbaeva

Поделиться: