«Құйғанының өзі кино!». Кәмшат Жолдыбаева келін шәй берді. Әнші әрі актриса жолдасы Ғазрет Қажымұқанұлының өнердегі достарына арнап дастархан әзірлеген. Келіндік қызметін көрсетіп жүрген Жолдыбаеваның шәй құйған сәтін келген қонақтар инстаграм парақшаларына салған. Бұл сәт лезде желіде тарады. Көпшілік Кәмшаттың басына орамал тағып, келін болып жүргеніне қарап тәнті болған.

Еске салсақ, Кәмшат Жолдыбаева жас актер Ғазрет Қажымұқанұлына осы жылы наурыз айының басында ұзатылған еді. Қос ғашық әлі күнде дейін үлкен той жасамады.


Автор. Harper’s BAZAAR Kazakhstan. Фото. Instagram.

Поделиться: