Таяуда ғана ана атанған Ақерке Бүркітбай босанғаннан кейінгі өзінің жағдайымен бөлісті. Бүгінде декреттік демалыста отырған Әли Оқаповтың жары, соңғы уақытта күйзеліске тап болғанын ашып айтты.  

«Декреттің алғашқы айлары, әсіресе, бірінші мәрте ана болған әйелге жеңіл болмайтыны анық. Қол-аяғың енді жеңілдеп, бауырыңа алған жаңа өмір иесінің алғашқы күндерінен бастау алатын шақты мен де басымнан өткіздім. Енді жұмысқа шықпайтындай, артық салмақ осылай қалып қоятындай, көңіл-күйің әрдайым құбылып, көз жасыңа ерік беріп, ойың сан-саққа шашырап, не істеп жүргеніңді өзің түсінбей қаласың кейбір сәтте.  

Ойындағы осындай мәселелерге қарамастан «Асыл» тобының әншісі,  «Декреттік демалысты мүмкіндік пен өмірімізді жоғары деңгейге шығаратын кезең ретінде қабылдап, уақытты оңынан пайдалану — өз таңдауымыз», — деп отыр. 


Автор. Harper’s BAZAAR Kazakhstan. Источник заглавного фото: Instagram @akerkeburkitbay

Поделиться: