Ninety One тобы ЮНИСЕФ мүшелері атанбақ. Q-Pop жұлдыздары 1-маусымнан бастап ЮНИСЕФ ізгі ниет елшілері етіп тағайындалады. Осылайша «91» ұжымының жігіттері өз дауыстары мен атақ-даңқының арқасында балалардың құқықтарын қорғаумен және ілгерілетумен айналысатын әлемдегі басқа атақты адамдардың қатарына қосылады.
Еске салсақ, өткен жылы Ninety One ЮНИСЕФ пен TikTok-тың «Психикалық әл-ауқат бәрінен маңызды» атты бірлескен науқанын қолдады. Олардың қолдауының арқасында 100 000-нан астам жастар психикалық денсаулық туралы маңызды ақпарат алды.
Бүкіл әлемде ЮНИСЕФ 200-ден астам ізгі ниет елшілерімен ынтымақтасады. Олардың арасында әйгілі Джеки Чан, Орландо Блум және Кэти Перри сынды жұлдыздар да бар.
Автор. Harper’s BAZAAR Kazakhstan. Источник заглавного фото: Instagram @ninetyone