«Сене алар емеспіз!» ТМД-ға танымал отандық рэпер Darkhan Juzz дүниеден озды. Мұндай қайғылы жаңалықты музыкант өнер көрсететін õzen лейблы растады. Қазақ рэпінің жұлдызы жол апатынан көз жұмған. Ол Таиланд аралында мотоцикл айдап опат болған.

Darkhan Juzz

Музыканттың инстаграм парақшасындағы соңғы посты 2022 жылы 17-қыркүйекте салынған еді. Өнер иесінен жағымды жаңалық күткен тыңдармандар бүгінде бұл жағдайға сене алар емес. Еске салсақ, Дархан Жүнісбеков 1991 жылы 9-тамызда туылған-ды. Инди-поп бағытында өнер көрсететін талант отандық музыка индустриясына талай еңбегі сіңген. Дарханның отбасы мен жақындарына қайғырып көңіл айтамыз!


Автор. Harper’s BAZAAR Kazakhstan. Фото. Instagram

Поделиться: