«Орамалға толықтай келгеніме әлі 1 ай толмады!» Алтынай Жолдыбаева орамал таққанын мәлімдеп, оқырмандарымен өміріндегі өзгерістерімен бөлісті. Әнші 1,5 жылдан бері 5 уақыт намаз оқығанын да жасырмады. Кіші Жолдыбаева осылайша, соңғы кездері неге жиі хиджабпен жүрсіз деген сұрақтарға жауап берді. Алайда, Алтынай инстаграмда бұрыңғы фотоларын өшірмеген. Бұл уақыт еншісінде дейді сылқым. Себебі, Жолдыбаева: «Өткенімде істелген біраз творчествалық жұмыстарыма деген өкініш бар», — деп отыр. 

Алтынай Жолдыбаева

Автор. Harper’s BAZAAR Kazakhstan. Фото. Instagram 

Поделиться: