Ұйқы қанбау індеті: неліктен бүгінде әрбір үшінші адам нашар ұйықтайды және 2026 жылы бұған не істеу керек?
Фото. Shutterstock.com. Автор. Lazhko Svetlana.

Ұйқы қанбау індеті: неліктен бүгінде әрбір үшінші адам нашар ұйықтайды және 2026 жылы бұған не істеу керек?

13 февраля 2026

Миллиондаған адам үшін ұйқыны қандыру үлкен мәселеге айналды. Зерттеулер дерегі жағдайдың тек нашарлап бара жатқанын көрсетеді: ұйқысыздыққа шалдыққан ересектер көбейіп келеді, ал wellness индустриясы бізге ақыры дұрыс ұйықтауға көмектесетін құралдарды — қоспалардан бастап нейротехнологияларға дейін — жасап шығару жарысына түскендей. Бірақ шешімі бар ма? Төменде айтып береміз.

Ұйқысыздық қалыпқа айналып барады

Қазіргі өмір біздің биологиялық ырғаққа кәдімгідей кедергі жасайды: стресс, бітпейтін хабарламалар, экрандар, кешкі кездесулер және шамадан тыс тығыз кесте.

  • Ересектердің 37 пайызы ұйқысыздық белгілерін бастан өткерген
  • Әр бесінші адам үнемі ұйқысы қанбай жүреді
  • Әйелдерде ұйқы мәселелері ерлерге қарағанда жиі кездеседі

Бұл жай ғана қолайсыздық емес. Ұйқы келмеген сайын адам тұйық шеңберге түседі: қаншалық тырысқан сайын, соншалық күйгелектенеді — жағдай да соғұрлым ушығады.

Эпидемия недосыпа: почему сегодня плохо спит каждый третий и что с этим делать в 2026 году?
Фото. Shutterstock.com. Автор. KieferPix.

Сондықтан «мінсіз ұйқыға» арналған құралдар нарығы көз ілеспес қарқынмен өсіп жатқаны таң қаларлық емес. Бірақ шын мәнінде қайсысы жұмыс істейді? Сарапшылар бірнеше бағытты атап өтеді.

1. Ұйқыға арналған ББҚ

Көпшілік алдымен жүгінетіні — тағамдық қоспалар. Олардың қатары көбейіп, формулалары күрделене түсуде.

Магний

Бұл минерал ұйқы үшін ең тиімді көмекшілердің бірі саналады. Ол жүйке жүйесін босаңсытады, мазасыздықты азайтады, мелатонин түзілуін қолдайды, ұйқының тереңдігін жақсартады. Әсіресе созылмалы стресс кезінде бұл химиялық элементтің маңызы артады — дәл осындай кезеңдерде оған деген қажеттілік өседі. Бірақ бір жайт бар: түрлері әрқилы. Ұйқы үшін көбіне магний глицинат ұсынылады — ол жақсы сіңеді және тыныштандырғыш әсері бар амин қышқылы — глицинді қамтиды.

Өсімдік текті көмекшілер

Кейде шөптер де қосылады: мысалы, валериана жылдамырақ ұйықтауға көмектеседі, пассифлора мазасыз ойларды басады, ал түймедақ, жөке, лимон вербенасы жұмсақ тыныштандырады.

Кейбір кешенді формулаларда организмнің стресс реакциясын төмендету үшін ашваганда немесе шафран да болады. Бірақ сарапшылар қоспалар негізгі түйткіл — алаң күй — реттелгенде жақсырақ әсер ететінін ескертеді.

Эпидемия недосыпа: почему сегодня плохо спит каждый третий и что с этим делать в 2026 году?
Фото. Shutterstock.com. Автор. Pixel-Shot.

2. Стресс — ұйқының басты жауы

Ағза үнемі мазасыздық режимінде болса, ұйықтап кету физиологиялық тұрғыдан күрделене түседі.

Созылмалы стресс кезінде кортизол деңгейі түнде де жоғары болып қалады, ми тынықпайды, ал дене ширығып тұрады. Нәтижесінде тұйық шеңбер пайда болады: уайым ұйқыны нашарлатады, ал нашар ұйқы стрессті күшейтеді. Сондықтан мамандар қосымшалар ұйықтауға жәрдемдескенімен, жүйке жүйесі үнемі шамадан тыс жүктеліп жүрсе, түпкі себеп жойылмайтынын айтады.

3. 2026 жылдың жаңа ұғымы — жүйке жүйесін реттеу

Wellness индустриясындағы басты үрдістердің бірі — кезбе нервпен жұмыс істеу. Ол ағзаның тынығуы мен қалпына келуіне жауап береді. Қазіргі құрылғылар осы жүйкені жұмсақ стимуляциялап, денені «ұрыс не қашу» күйінен босаңсу күйіне ауысуға жәрдемдеседі.

Мұндай технологиялар не уәде етеді:

  • Мазасыздықтың азаюы
  • Ұйқының тереңдеуі
  • Тезірек ұйықтап кету
  • Тыныштық сезімі

Көп адам үшін бұл медитация не тыныс алу жаттығуларына қарағанда тиімдірек болып шығады.

Harper's BAZAAR UK ұсынған мақаланың түпнұсқасын сілтеме арқылы оқи аласыз.


Автор. Жанель Муканова. Аударған. Гүлдана Мұқан.

Cookie  Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше