«Жүрегімнің ішінде тағы бір жүрек соғып тұр. Аллам мені сәбимен аман есен жолықтыр.» Бұл Айдана Меденованың тілегі. Бүгінде үшінші сәбиіне аяғы ауыр экс-әнші желіде жантебірентерлік жазба қалдырып, жүкті сәтінен әдемі кадрлармен бөлісті. Айдана ең керемет кезеңнің есте қалғанын қалап арнайы фотосессия жасаған. Дін жолында жүріп, бизнеске кеткен Меденова алғаш рет 8 жыл бұрын ана атанған еді. Ол продюсер Әлішер Нұржановпен 8 жасар Әмина және 6-ға толған Әлихан есімді ұл тәрбиелеп отыр. Енді аз ғана уақыттан кейін Айдана Меденова үшінші баласын бауырына алмақ.


Автор. Harper’s BAZAAR Kazakhstan. Источник заглавного фото: Instagram @aidanamedenova_officialpage

Поделиться: