Үйлену тойы алдындағы кеңестер тек қалыңдық көйлегі мен той өтетін жерді таңдаумен шектелмеуі тиіс. Сүйіктіңмен шаңырақ құрмас бұрын оған келесідей маңызды сұрақтарды қойып алған артық болмайды.

Қарыздарың бар ма?

МҰНЫ БІЛМЕЙ, ШАҢЫРАҚ КӨТЕРУГЕ АСЫҚПА!

Мұны сұрау сәл ыңғайсыз болуы мүмкін, алайда серігіңіздің қаржылық жағдайы туралы нақты түсінік болашақта жағымсыз жайттардың алдын алуға мүмкіндік береді. Көп жағдайда серігіңіздің некеге тұрғанша жиған қарыздары үшін сіз жауапкершілік арқаламайсыз. Алайда қарым-қатынастарыңызды ресми түрде тіркегеннен кейінгі отбасылық берешек екеудің заңды түрдегі жауапкершілігіне өтетінін ұмытпаған жөн. Егер сіз ерлі-зайыпты ретінде қандай да бір қомақты дүниелер сатып алуды немесе инвестиция құюды көздесеңіз, жиналып тұрған қарыз сіздің қаржылық мүмкіндігіңізді шектеуі мүмкін.

Үйде тазалықтың сақталуы үшін жауапкершілікті кім көтеруі керек деп ойлайсың?

МҰНЫ БІЛМЕЙ, ШАҢЫРАҚ КӨТЕРУГЕ АСЫҚПА!

Үй шаруасы мен міндеттерді қалай бөлісетіндеріңізді шешіп алу маңызды. Жақында жүргізілген әлеуметтік сауалнама нәтижесіне сәйкес, сұралғандардың 62% үй шаруасын бөлісу – отбасындағы маңызды мәселелердің бірі деп санайды. Оны елемеуге болмайды.

Сен бала сүйгің келе ме? Қашан?

МҰНЫ БІЛМЕЙ, ШАҢЫРАҚ КӨТЕРУГЕ АСЫҚПА!

Серігіңіздің балалы болғысы келетін-келмейтінін білу өте маңызды. Себебі бұл мәселеде екеудің қалауы әртүрлі болуы мүмкін. Егер екеуіңіз де қалайтыныңызды білсеңіз, мұны қашанға жоспарлайтындарыңызды анықтаңыз.  Себебі сіз бала тууды белгілі бір уақытқа шегеріп, серігіңіз балаларға арналған заттарға көз тастай бастаса, бұл қиындықтар туғызуы мүмкін.

Сен қиындықтарды қалай шешесің?

МҰНЫ БІЛМЕЙ, ШАҢЫРАҚ КӨТЕРУГЕ АСЫҚПА!

Қиындықтарды бірігіп қалай шешетіндеріңіз жайлы сөйлесіп алған жөн. Қарым-қатынастар жөніндегі маман Питер Пирсон серігіңіздің өмірлік қиындықтарды қалай еңсеретінін білу маңызды деп санайды.

Өзіңізге және серігіңізге: «Бір-біріңізді ақылды адам деп санайсыз ба? Қиындықтарды бірлесіп шешу қолдарыңыздан келе ме?» деген сұрақтарды қойыңыз.

Сен көрпеге қарай көсілесің бе әлде жоспарлағаннан көбірек жұмсап қоясың ба?

МҰНЫ БІЛМЕЙ, ШАҢЫРАҚ КӨТЕРУГЕ АСЫҚПА!

Екеуіңіздің де ақшаны қалай жұмсайтыныңызды талқылау маңызды. Отбасылық бюджет, шығындар және ақша үнемдеу сияқты мәселелерге келгенде, сіздер бір көзқараста болуларыңыз керек. Кері жағдайда қарым-қатынастарыңызға сызат түсуі мүмкін. Ақшаға қатысты серігіңіздің ұстанымы мен сіздің көзқарасыңыздың қаншалықты сәйкес келетінін қадағалаңыз.

Сен үшін төсек қатынасы қаншалықты маңызды?

МҰНЫ БІЛМЕЙ, ШАҢЫРАҚ КӨТЕРУГЕ АСЫҚПА!

Relate сайтының деректеріне сай, көптеген жұптар бірінің сексуалдық құмарлығы екіншісіне қарағанда жоғары немесе төмен болатын жайттарға тап болады. Ал шын мәнісінде мұны үйленуге дейін талқылау қалыпты дүние. Жыныстық қатынасқа қаншалықты жиі түскісі келеді? Төсекте дәл нені қалайды? Уақытша жыныстық қатынасқа түсуге болмайтын кезеңде бұл жағдайды қалай шешесіздер? Талқылайтын мәселе көп екені анық.

Заңға қатысты түйткілдер болды ма?

МҰНЫ БІЛМЕЙ, ШАҢЫРАҚ КӨТЕРУГЕ АСЫҚПА!

Серігіңізді жақсы білгеннің өзінде оның өмірінде заңға қатысты сіз білмейтін түйткілдер болуы мүмкін. Жеке басыңыздың жайлылығы мен қауіпсіздігі үшін бұл тақырыпты талдаған жөн.

Ажырасуға қалай қарайсың?

МҰНЫ БІЛМЕЙ, ШАҢЫРАҚ КӨТЕРУГЕ АСЫҚПА!

Ажырасу – түптің түбінде кейбір жұптардың өмірінде орын алып жататын ақиқат, және некені бұзуға қатысты өте кірпияз әрі күрделі тақырыпқа қатысты серігіңіздің не ойлайтынын білу маңызды. Оның ажырасуға қатысты көзқарасын сипаттайтын қандай да бір діни сенімдері бар ма? Серігіңіздің ата-анасы берік отбасын құрған ба? Неке шартын жасасу мүмкіндігін талқылауға дайынсыздар ма? Иә, мұндай сұрақтарды талқылау адамның қытығына тиеді, дегенмен анықтап алған артық етпейді.

Өзіңді бақытты сезіну үшін өз-өзіңе қанша уақыт бөлу қажет?

МҰНЫ БІЛМЕЙ, ШАҢЫРАҚ КӨТЕРУГЕ АСЫҚПА!

Кейбір адамдар күйеуінің немесе әйелінің қасында ұдайы уақыт өткізіп, жайлы өмір сүреді, ал кейбір адамдарға өз қызығушылықтарымен айналысуға немесе достарымен уақыт өткізуге сәл көбірек еркіндік қажет. Бір-біріңіздің жұп болып және жалғыз жүргендегі қажеттіліктеріңізді түсіну бал айынан кейін ұрыс-керісті болдырмауға көмектеседі.


Harper’s BAZAAR Kazakhstan. Сурет. Shutterstock.com, Depositphotos.

Поделиться: