Жансая Әбдімәлік ақ келін атанды! Күні кеше әйгілі шахматшының үйлену тойы дүркіреп өтті. 14 жасында қыздар арасында гроссмейстер атанған таланттың қуанышты жаңалығын ет жақындары сүйінші сұрап, инстаграм парақшасында бөлісті. Себебі, салтанатты шараны жас жұбайлардың өздері құпияда ұстаған.

Еске салсақ, Жансая сүйіктісімен 2023 жылдың сәуір айында ресми некесін қиған болатын. Жансаяның таңдауы — Нүриев Нұрахмет Қанатұлына түскен. Ол Қазақстандағы ең ірі мыс өндіруші «Қазақмыс» компаниясының төрағасы. Нұрахмет бұл орынға 2022 жылы 1-желтоқсанда тағайындалған. Олай болса, жас жұбайларға бақыт тілеміз!


Автор. Harper’s BAZAAR Kazakhstan. Источник заглавного фото: Instagram @zhansaya_abdumalik

Поделиться: