18 наурыз — Ұлттық киім күні! Бұдан былай елімізде дәл осы күн қазақи нақыштағы образдарға арналмақ. Ұлттық киім кез-келген халық мәдениетінің ажырамас мөлшері. Ол жәй ғана киім емес, бүтін халықтың бет-бедерін айқындар ұлан-ғайыр тарих.

Мерекенің мақсаты — ұлттық киім үлгілерін көпшілікке насихаттау арқылы қазақтың киім кию үлгісін заманауи жаңғырту. Отандық танымалдар арасында ұлттық киімдерді жиі киіп, трендке айналдырып жүрген кімдер? Бірге білейік.

Бұл орайда Айя Шалқардың орны бөлек. Суретші қазақтың салт-дәстүрін дәріптеп күллі әлемге паш етіп жүр. Айя күнделікті образдарына да қазақи нақыштағы аксессуарлар тағуды да әдетке айналдырған.

18 наурыз Ұлттық киім күні! Қазақи нақышта жиі киінетін жұлдыздар кімдер?

Актриса Ғазиза-Таңшолпан Тілеубай қазақи колоритке жаны құмар. Режиссер Қуаныш Бейсектің жары бүгінде өзінің жеке брендін де қалыптастырған. Ол этно образдарды түрлі дизайнда ұсынып жүрген — Өрнек ұлттық өнер орталығының негізін қалаушы.

Айжұлдыз Адайбекова да қазақтың ұлттық киімдерін трендке шығаруға өз үлесін қосып жүрген медиа-тұлғалардың бірі. Актриса әрі әнші күнделікті өмірде заманауи образдарға қазақи колорит қосу арқылы ерекше тенденция қалыптастырды. Мұндай қадам соңғы жылдары жастар арасында да танымал.

Динара Сұлтан — ұлттық салт-дәстүрімізді барынша дәріптеп жүр. Әнші наурыз айында әр жыл сайын ұлттық образды таныстыратын Ethno pop uo store жәрмеңкесін ұйымдастырады. Бірнеше күнге созылатын ауқымды сабантой жасау арқылы Динара — ұлттық бұйымдар, өнімдерді қолдауға тырысады.


Автор. Harper’s BAZAAR Kazakhstan. Источник заглавного фото: Instagram @gazizaz.

Поделиться: