Трендтегі музыканттар Yenlik, ZAQ және Мирас Жүгінісов бірікті. Үш талантты өнерпаз коллаборация жасаған. Фит – «JOL» деп аталады. Желіге ерекше тандемнен құралған тректің бір бөлшегі жүктелді. Yenlik, ZAQ және Мирас композицияға арнап ерекше контент те ұсынбақ ниетте. Әзірге спойлер олардың инстаграм парақшаларында. Мұндай трионы күтпеген тыңдарман туынды сөзсіз хитке айналады деп сенеді.


Автор. Гүлдана Мұқан. Источник заглавного фото. Instagram @yenleak Автор. @dan.romanov

Поделиться: