«50 жаста ана болған қалай екен?» Таяуда ғана төртінші мәрте ана атанған Баян Алагөзова көпшіліктің көкейінде жүрген сұрақтарға жауап берді. Продюсер ана тіпті инстаграм парақшасында арнайы жазба қалдырып, пост жариялады.
«Қызық факт, арада 20 жыл өтсе де, менің қолым мен денем бәрін жадында сақтап қалды. Мәселен шомылдыру, көтеру, тамақтандыру, ұйықтату, массаж жасау. Барлығы бірдей эмоция, нәрестенің иісі әлі де менің есімде. Менің әрқашан көтеріңкі көңіл-күйім, мен ән айтатын әндер бәрі бірдей сол қалпы. Мен ешқашан ессіз Ана болған емеспін және әрқашан аналық парызымнан бөлек әр түрлі нәрсемен айналысатынмын. Тұңғышымды босанғаннан бастап, қызым екі айлық кезімде жұмысқа шығып кеттім, Айаруға небәрі 20 күн толғанда теледидар экранынан хабар тарататынмын. Сол процесс қазір жылдамдағандай, Алиса туылғаннан кейін ертесі күні мен жаңа фильмімді бастадым. Алманың дүниеге келуімен ол түсірілімді аяқтап, бірден жаңа жобаға кірістім. Бала — бұл менің өмірім, өмірімнің жалғасы. Қазір өзімді сол баяғы 35 жастағы Баян сияқты сезінемін». – деп Алагөзова өзінің пікірін білдірді.
Бір қызығы Баян Алагөзова жаңа жазбаға жаңадан туылған кішкентай ханшайымдары Алиса мен Алманың суреті емес, үйіндегі мысығы Бонидің фотосын жүктеп қойған.
Автор. Гүлдана Мұқан. Источник заглавного фото. Instagram @bayanmaxatkyzy