Қазақстандық дизайнердің киім үлгісі «Грэмми» салтанатында көзге түсті. Алексей Чжен әлемге әйгілі әнші Эн’Кенджиге (N’Kenge) образ әзірледі. Еске салсақ, ол «Грэмми — 2023» марапатының «Ең үздік музыкалық театральды альбом» номинациясынан (BEST MUSICAL THEATER CAST ALBUM) үмітті.


Алексей Эн’Кенджидің тапсырысымен айтулы шараға арнайы 2 түрлі образ дайындаған. Әнші музыкалық марапаттың қызыл кілеміне фуксия, ал кештің өзіне сары түсті көйлек киді. Осылайша, Чжен Грэммиге образ әзірлеген алғашқы қазақстандық дизайнер болды. Алекс отандық фэшн салада Kazakhstan Fashion Week сән апталығының негізін қалаушы әрі ұйымдастырушысы ретінде танымал.
Автор. Harper’s BAZAAR Kazakhstan. Фото. Instagram @alexey.chzhen Личный архив героя.