Бүгінгі күннің басты жаңалығы Қайрат Нұртас болғаны сөзсіз. Эстрада жұлдызына Талдықорған қаласының тұрғындары шағымданбақ. Оған себеп, өнер иесінің рұқсат етілмеген алаңға көлікпен кіруі. Оны әнші өзінің инстаграм stories-ына салған. Заң барлығына ортақ деген халық, Қайраттың бұл қылығы жазықсыз қалмай, ресми түрде кешірім сұрағанын талап етуде.

Еске салсақ, KN Жетісу аймағында концертпен барған. Бүгінде Нұртас отырған көліктің жүргізушісі ұсталып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды.


Автор. Harper’s BAZAAR Kazakhstan. Фото. Instagram @kair_n

Поделиться: