Дана Есеева күйеуі Мейіржан Төребаев жайлы ақпараттармен бөлісті. Блогер әрі бизневумен «Қыздар-ай» бағдарламасында жұбайының бүгінде не істеп жатқанын ашып айтты. Дана үйқамаққа шыққан күйеуі жаңа фильмнің сценарийіне кіріскенін мәлімдеді. Сондай-ақ, медиа тұлға отбасында болған оқиға туралы пікірін қалдырды.

«Сынақ дейді ғой. Мен бұл жағдайға басқа жағынан қараймын. Не үшін бұл жағдай біздің отбасымызға түсті деп ойлаймын. Не үшін маған берілген сынақ? Осыдан не түсінуім керек? «Мына жерді қарашы, байқашы» деп Құдай көрсетіп жатыр ғой. Ең бастысы, Мейіржан тірі. Қалғанының бәрінен өтуге болады. Осы жағдайдың неге маған түскенін түсіну керек. Өзің іштей біліп отырасың. Менде де, Мейіржанда да жаман ой болған жоқ. Адамдарға ешқандай жамандық тілеп отырған жоқпыз. Иә, болады, алданып қалды. Әрбір адам өмірінде алданып қалады. Бір рет емес, екі рет, он рет алданып қалады. Сондай болады. Ол бірнәрсе үшін ғой, бірнәрсе түсінуіңіз керек. Мүмкін тіпті Құдай сақтаған шығар».
Еске салсақ, 2022 жылдың ақпан айында блогер Мейіржан Төребаев пен актер Мейірхан Шерниязов Mudarabah Capital қаржы пирамидасын құрды деген күдікке ілінген болатын. Бұл істің шешімі әлі күнге дейін шыққан жоқ. Келесі соттың өтетін уақыты да әзірге белгісіз.
Автор. Harper’s BAZAAR Kazakhstan. Источник заглавного фото: Instagram @dana_yesseyeva.