Әсел Сәдуақасова тұрмысқа шықты. Актриса әрі продюсер өзінің сүйіктісі Мағжан Тілеуханмен заңды некесін қиды. Мұсылманша некеге де отырған жұп айтулы күнді қарапайым етіп, оңашада тек жақын достарымен атап өткен. Жағымды жаңалықты жас жұбайлар өздерінің инстаграм парақшаларында жариялады.

Еске салсақ, Әсел мен Мағжан осыдан 5 ай бұрын Балиде танысқан. Мағжан Әселден 9 жасқа кіші. Ол танымал маркетолог. Инфобизнес саласында жүрген серінің инстаграм парақшасында бүгінде 33 000-ға жуық оқырманы бар.

Фото: Instagram @asselsadvakassova

Фото: Instagram @asselsadvakassova

«13.06.2023 — отбасымыздың туған күні!» Дәл осы қуанышты жаңалықты көрген фолловерлер жас жұбайларға бақыт тіледі. Енді ғашықтардың үлкен тойы бола ма әзірге белгісіз.


Автор. Harper’s BAZAAR Kazakhstan. Источник заглавного фото: Instagram @asselsadvakassova

Поделиться: