Күн санап көктем де келіп жетті. Жұлдыздар бұл аптаның қарқынды өтетініне сенімді, сондықтан әрекетсіз отыруға болмайды. Ғаламшарлардың орналасуы кейбір зодиак белгілеріне күтпеген мүмкіндіктер сыйласа, басқалары маңызды сабақ алмақ. Ең бастысы – сәтті жіберіп алмау қажет, өйткені осы жеті күндегі әрбір оқиға алдағы айлардың іргетасын қалайды. Тағдырдың сізге дайындаған сынақтарына дайынсыз ба? Онда апталық жұлдыз-жорамалды оқып, іске кірісіңіз!

Тоқты

Ішіңіздегі энергия тасып тұрса да, барынша абай болыңыз: егер оны дұрыс бағыттамасаңыз, қиындықтарға тап болуыңыз мүмкін. Бұл кезеңде нақты жоспар қажет, әйтпесе, бірнеше істің ортасында жүріп, ештеңені бітірмей қалуыңыз ықтимал. Бірақ басты мақсатқа назар аудара алсаңыз, табысқа жетуіңіз бек мүмкін.

Торпақ

Сіз тұрақтылықты ұнатасыз, бірақ бұл апта сіздің икемділігіңізді сынайды. Өзгерістерден қорықпаңыз, өйткені олар сізді жарқын болашаққа жетелейді. Мүмкін, жаңа адамдармен танысып, батыл шешімдер қабылдауға шабыттанасыз. Апта соңына қарай жасаған қадамдарыңыздың дұрыстығын түсінесіз.

Егіздер

Дәл осы апта қарым-қатынасқа, флиртке және жаңа таныстықтарға толы болмақ. Сіз адамдарды өзіңізге магниттей тартатын боласыз! Жұмыста шығармашылық пен креативке байланысты күтпеген ұсыныстар түсуі мүмкін. Дегенмен, қаржы мәселесінде сақ болыңыз: қажетсіз шығындардан аулақ жүрген жөн.

Шаян

Бастама көтеретін уақыттың сәті түсті! Алдағы күндері маңызды шешімдер қабылдауға тура келеді, бұл сіздің жақын болашағыңызға әсер етеді. Жеке өмірде жағымды тосынсыйлар күтіп тұр: сүйіктіңіз романтикалық әрекеттерімен қуантады. Ал жалғызбасты Шаяндарға айналасындағы адамдарға мұқият қараған жөн – жаңа мүмкіндіктер пайда болады.

Арыстан

Бұл кезең жарқын әрі оқиғаларға толы болмақ. Жұмыста жетістікке жету үшін белсенділік таныту қажет. Ал махаббатта құштарлық оты жанады: күтпеген сүйісулер, серіктесіңізбен бірге болуға деген шексіз құлшыныс. Бірақ ұмытпаңыз, қарым-қатынас тек құштарлыққа емес, тұрақтылыққа да негізделуі керек.

Бикеш

Сізді жемісті апта күтіп тұр. Біраздан бері жиналып қалған істерді реттеп, өміріңізге тәртіп орнатасыз. Бірақ өзіңізді де ұмытпаңыз. Демалуға уақыт бөліңіз: SPA салонына барыңыз, ойыңызды жинақтаңыз немесе демалыс күндері құрбыларыңызбен кездесу ұйымдастырыңыз.

Таразы

Бұл апта сіз үшін жайлы әрі жемісті өтпек. Шығармашылық жобалар, жаңа идеялар мен болашағы зор таныстықтар – осының бәрі сіздің күн тәртібіңізде болады. Арыстандар секілді, сіздің де махаббат өміріңізде қызықты оқиғалар орын алуы мүмкін. Кеңес: өз талғамыңызға сеніңіз және өзіңіз болудан қорықпаңыз.

Сарышаян

Өзара тиімді келісім жасауға тамаша мүмкіндік туады. Бірақ артық эмоцияға беріліп немесе жеке пайдаңызды ғана ойлап, сәттілікті құртып алмаңыз. Қаржылық жағдайыңызды дұрыс бағалап, шынайы шешім қабылдаңыз.

Мерген

Өзіңізді қолға алып, көңіл-күйіңіздің жақындарыңызбен қарым-қатынасыңызға кері әсер етуіне жол бермеңіз. Осы кезеңде ойыңыз сан саққа кетіп, бастаған істеріңізді тастап кеткіңіз келуі мүмкін. Бірақ сабыр сақтаңыз және бір шешімге келмей тұрып, асығыс әрекет жасамаңыз.

Тауешкі

Барлық істеріңізді алдын ала жоспарлап, уақытыңызды дұрыс ұйымдастырыңыз. Осылайша, міндеттеріңізді уақытында аяқтап, демалыс күндері толыққанды демала аласыз. Айтпақшы, екі қоянды бір оқпен атамын деп, екеуінен де айырылып қалмаңыз.

Суқұйғыш

Сізге іскерлік ұсыныс түседі, оны қабылдағаныңыз жөн. Бұл ұсыныс жақын адамдарыңыздың бірі немесе бұрыннан таныс адам тарапынан жасалуы мүмкін. Егер сізге ұсыныс айтқан адамды жақсы білмесеңіз, келісім бермес бұрын мұқият ойланыңыз.

Балықтар

Бұл апта Балықтар үшін өзін-өзі дамытуға, медитация мен шығармашылыққа арналмақ. Махаббатта бәрі ойдағыдай болады, әсіресе егер серіктесіңізге ашылып, сезіміңізді білдіре алсаңыз. Қаржы жағдайы тұрақты, бірақ жұлдыздар ойланбай жасалатын шығындардан сақ болуға кеңес береді.


Автор. Жанель Муканова. Аударған. Гүлдана Мұқан. Фото. Эстер Тикер.