Күн тұтылу дәлізі – қарқынды өзгерістер мен трансформациялар кезеңі болып саналады. 2024 жылдың көктеміндегі тұтылу дәлізі 25 наурыздан 8 сәуірге дейін созылып, көптеген тосын жайттар әкелуі мүмкін. Бұл кезең ретроградты Меркуриймен тұспа-тұс келеді, сондықтан осы уақытта жасалған әрекеттер, айтылған сөздер мен тіпті ойлар да тез арада өз нәтижесін көрсетуі мүмкін.
Күн тұтылу дәлізі дегеніміз не?
Күн тұтылу дәлізі – Ай мен Күннің тұтылуы арасындағы аралық кезең, ол шамамен екі аптаға созылады. Мұндай кезеңдер жылына екі-төрт рет қайталануы мүмкін. Астрологияға сәйкес, бұл уақытта Жердің «энергетикалық ағындары» өзгеріп, адамдардың эмоциясына, ойлауына және тіпті физикалық жағдайына әсер етуі мүмкін.
Күн тұтылуы – өзгерістер мен күрделі кезеңдерді білдірсе, Ай тұтылуы – ішкі түйсіктің күшеюі, жасырын сезімдердің ашылуы және рухани мақсаттардың айқындалуымен ерекшеленеді. Егер бұл уақытта қарым-қатынасты тоқтатсаңыз, ол адам сіздің өміріңізге қайта оралмауы мүмкін. Дәл сол сияқты, жұмысты немесе тұрғылықты жерді ауыстыру шешімі кері қайтарылмайтын салдарға әкелуі ықтимал. Сондықтан бұл кезеңде маңызды шешімдер қабылдаудан аулақ болу қажет.
2024 жылы күн тұтылу дәлізі қашан болады?
2024 жылы екі күн тұтылу дәлізі күтілуде.
• Көктемгі тұтылу дәлізі 25 наурызда Ай тұтылуымен басталып, 8 сәуірде Күн тұтылуымен аяқталады.
• Күзгі тұтылу дәлізі 18 қыркүйектен 2 қазанға дейін созылады.

Фото. Canva.com
Ай тұтылуы дегеніміз не?
Ай тұтылуы – Жер Күн мен Айдың ортасында орналасып, оның жарығын көлеңкелейді. Бұл – жыл сайын бірнеше рет қайталанатын табиғи құбылыс. Әдетте, Ай тұтылуын белгілі бір аймақта орташа есеппен әр 2,5 жылда бір рет көруге болады.
Күн тұтылуы дегеніміз не?
Күн тұтылуы – Ай Жер мен Күннің арасында орналасып, Күннің жарығын толық немесе жартылай жабатын құбылыс. Бұл тек жаңа ай фазасында орын алады және сирек кездесетін ерекше көрініс болып табылады.
Күн тұтылу дәлізінде не істеуге болмайды?
Астрологтар бұл кезеңде келесі нәрселерден аулақ болуды ұсынады:
• Қаржылық операциялар: несие алу, қарыз беру, ірі сатып алулар жасау, құжаттарға қол қою.
• Жұмыс ауыстыру: жаңа қызметке орналасу, жұмыс орнын өзгерту, жаңа жобаларды бастау.
• Жеке өмірдегі маңызды шешімдер: некеге тұру, ажырасу, қарым-қатынасты аяқтау немесе бастау, бірге тұру туралы шешім қабылдау.
• Саяхаттау: билеттер сатып алу, ұшақпен сапар шегу, демалыс жоспарлау.
Егер маңызды келіссөздер немесе құжаттарға қол қою кейінге қалдырылмаса, барлық мәліметтерді мұқият тексеріп, қателіктерден сақтанған жөн.
Күн тұтылу дәлізінде не істеуге болады?
Бұл кезең өзін-өзі тану мен рухани даму үшін өте қолайлы. Адам өткен өміріндегі қателіктерді түзеу, зиянды әдеттерден арылу және өзіне берілген уәделерді орындау үшін осы мүмкіндікті пайдалана алады.

Фото. Shutterstock.com. Автор. Igorzh
Күн тұтылу дәлізі кезінде келесі әрекеттер ұсынылады:
• Рухани даму: дұға ету, медитация жасау, ораза ұстау, йогамен айналысу.
• Ішкі үйлесімділікке ұмтылу: табиғат аясында демалу, жақындарыңызбен уақыт өткізу, жанашырлық пен мейірімділік таныту.
• Үй мен сана тазарту: қажетсіз заттардан арылу, кеңістікті тазалау, ойларыңызды ретке келтіру.
Көктемгі тұтылу дәлізін сабырмен, жеңілдікпен және позитивті көзқараспен өткергендерге бұл кезең айтарлықтай оңай болады.
2024 жылғы көктемгі тұтылу дәлізінің зодиак белгілеріне әсері
Астрологтардың пікірінше, 2024 жылдың Ай тұтылуы Тоқтыларға (23-30 наурыз), Таразыларға (23-30 қыркүйек), Шаяндарға (23-30 маусым) және Тауешкілерге (23-30 желтоқсан) ерекше ықпал етеді.
Ал Күн тұтылуы 1-13 сәуірде, қазанда, шілдеде және қаңтарда туған осы белгілердің өкілдеріне әсерін тигізеді.

Фото. Shutterstock.com. Автор. Muratart
2024 жылғы тұтылуларды қайда көруге болады?
Көктемгі Ай тұтылуы Солтүстік және Оңтүстік Америкада, Батыс Еуропада, Австралияда, Солтүстік-Шығыс Азияда, Африкада және Тынық мұхиты аймағында көрінді.
Күн тұтылуын Канада мен Мексика тұрғындары толықтай көре алды, ал Батыс Еуропада ол тек ішінара байқалды.
Күн тұтылу дәлізі және ретроградты Меркурий
Ретроградты Меркурий – бұл көптеген адамдарға таныс түсінік.
Осы кезеңде техникалық ақаулар, жоспарлардың бұзылуы, қарым-қатынаста түсініспеушіліктер орын алуы мүмкін. 2024 жылы ретроградты Меркурий күн тұтылу дәлізімен сәйкес келді, бұл оқиғалардың әсерін одан әрі күшейтті.

2024 жылы ретроградты Меркурий кезеңдері:
• 1 сәуір – 25 сәуір
• 5 тамыз – 28 тамыз
• 26 қараша – 15 желтоқсан
Бұл уақыт ішінде зейін қою қиындап, есте сақтау қабілеті төмендеуі мүмкін. Сондықтан асығыс шешімдер қабылдамауға, маңызды жобаларды бастамауға және эмоционалды тұрақтылықты сақтауға кеңес беріледі.
Күн тұтылу дәлізі – өзін-өзі тану, өмірді қайта қарау және болашаққа дайындалу кезеңі. Бұл уақытта ішкі үйлесімділікті сақтау, маңызды шешімдерді кейінге қалдыру және жан дүниеңізге назар аудару маңызды. Ойыңызды ретке келтіріп, өміріңізді жақсартуға бағытталған әрекеттер жасаңыз. Осылайша, бұл кезең сізге оң өзгерістер әкелуі мүмкін.
Автор. Адель Жусупова. Аударған. Гүлдана Мұқан. Фото. Shutterstock.com, Canva.com.