Әлем мұражайлары – бұл жай ғана өткеннің артефактілері сақталатын ғимараттар емес. Ол – тарихқа, өнерге және мәдениетке толы тұтас ғаламат көрінісі. Біз сіздер үшін адамзаттың ұлы туындыларымен (әрине, бейнелі түрде) танысуға мүмкіндік беретін ең ерекше мұражайлардың тізімін жасадық.

Дождар сарайы, Венеция

Сәулет өнерінің жауһары саналатын Дождар сарайы Венецияның жүрегінде, Сан-Марко алаңында XIV ғасырда бой көтерген. Бір кездері бұл ғимарат қала билеушілерінің резиденциясы және саяси биліктің орталығы болған. Бүгінде мұражай уақытқа саяхат жасауды ұсынады: мұнда сіз Тициан, Веронезе картиналарын және Тинтореттоның алып «Жұмақ» атты туындысын көре аласыз. Мүсіндеме өнерін сүйетіндер үшін Якопо Сансовино жасаған Марс пен Нептун бейнелері ерекше қызықты болады. Ал нағыз венециялық аңыздарға ену үшін, әйгілі саяхатшы әрі авантюрист Джакомо Казанова отырған ескі түрме камераларын аралап көруге кеңес береміз.

Лувр, Париж

Әлемнің ең әйгілі мұражайлары туралы айтқанда, Луврды айналып өту мүмкін емес. Орта ғасырларда Филипп II Август салған бұл ғимарат бастапқыда қамал болған, кейіннен сән-салтанатты сарайға айналып, Француз революциясынан кейін мұражай ретінде қызмет ете бастады. Бүгінде оның қоржынында 500 мыңнан астам өнер туындысы бар. Мұнда сіз Леонардо да Винчидің әйгілі «Мона Лизасын», Теодор Жериконың «Медуза жатыры», сондай-ақ «Милостық Венера» мен Лукас Кранахтың «Үш Грациясын» тамашалай аласыз.

Ватикан мұражайлары

Жыл сайын миллиондаған туристерді қызықтыратын бұл кешенге 12 мұражай, 5 галерея және 1400-ден астам зал кіреді. Олар ғасырлар бойы Рим папалары жинаған өнер жауһарларын сақтайды. Мұнда сіз Леохар жасаған әйгілі «Бельведерлік Аполлон» мүсінін, Тициан салған дож Николо Марчеллоның портретін және Поль Гогеннің «Айқышқа шегелу» атты картинасын көре аласыз.

Ислам өнері мұражайы, Доха

Катар астанасы – Доха – 2008 жылы ашылған ислам өнерінің ең ірі мұражайымен мақтана алады. Бэй Юйминнің жобалауымен салынған бұл ғимарат сәулет өнерінің ғажайыбы ғана емес, сонымен қатар діни құндылықтарды зерттеу орталығы саналады. Мұражай коллекциясында көне қолжазбалар, көркем кілемдер, әйнек пен керамикадан жасалған сәнді бұйымдар бар. Экспонаттар Моғолдар мен Сефевидтер дәуірінен бастап, 14 ғасырлық тарихты қамтиды.

Лувр, Абу-Даби

2017 жылы ашылған бұл мұражай – атақты Париж Луврының заманауи баламасы. Архитектор Жан Нувель оны күн сәулесі мен көлеңкенің арасында ойнайтындай етіп, алып күмбездің астында орналасқан қала-музей ретінде жобалаған. Мұражай экспозициясы бүкіл әлемнің өнерін қамтиды, оның ішінде Леонардо да Винчидің «Керемет Ферроньерасы», Клод Моненің «Сен-Лазар вокзалы», Огюст Роденнің мүсіндері мен Ай Вэйвэйдің туындылары бар.


Автор. Жанель Муканова. Аударған. Қорлан Тұрсынбекова. Источник заглавного фото. Shutterstock.com. Автор. James Andrews1

Поделиться: