Айқын Төлепберген мен Жұлдыз Өмірғали үйлену тойын жасады. Танымал жұп шаңырақ көтергеннен кейін араға 9 жыл салып салтанатты рәсімді ұйымдастырды. Еске салсақ, ғашықтар қосылған сәтте, олардың ресми тойы болмаған еді. Ал Жұлдыздың арманы – ақ көйлек кию. Шоу-бинес өкілдері мен жақындарының басын қосқан Айқын, дүбірлі шараны неге қазір жасағанын айтып берді.
«Жұлдызға үйленемін дегенде бәрі қарсы болды. Әке-шешемнен бастап, достарым да теріс айналды. Бірақ мен алған бетімнен қайтпадым. Өзіңді кездестіргеннен кейін көп нәрсе өзгерді. Мен таңдауым мен шешіміме ешқашан өкінбеймін. Мен сені жақсы көремін. «Ақ көйлек киесің» деп уәде берген едім. Міне, уәдемді орындадым. Анам жылап отыр», – дейді Айқын.
Автор. Гүлдана Мұқан. Источник заглавного фото. Instagram @aikyn