Alem мен Вероника Жанғалова заңды некеге отырды. Қос ғашық талай жылдан бері бір шаңырақ астында тұрып, мұсылманша куәлік алса да, ресми ерлі-зайыпты болмай шықты.  Батыр мен Ника АХАЖ бөліміндегі ерекше сәттерін желіге жүктеді.

Вероника контентіне сай етіп, эстетикаға толы видео салса, «Ninety One» тобының мүшесі Alem анасы әзірлеген ерекше таспаны жария етті. Мембер әсерлі роликтің астына анасының тілегін жазып кеткен.

«Мама: Кім ойлаған сонаау Өзбекстанның ең шетінен келіп Қазақстанның солтүстігінен Никаға жолығады деп. Бақытты болыңдар балдарым. Қуаныштымын!», — бұл Батырдың анасы айтқан тілек.

Бүгін қос ғашық Дубайға бал айына ұшып кетті. Ал біз жас жұбайларға махаббаттарыңыз баянды болсын дейміз!


Автор. Harper’s BAZAAR Kazakhstan. Источник заглавного фото: Instagram @_zhangalova

Поделиться: