Кейбір ерлі-зайыптылар үшін анальды жыныстық қатынастан ләззат алу әдетке айналса, екіншілері әлі оған күмәнмен қарайды. Әрине, төсекте екеудің арасында не болатындығы — бұл әркімнің жеке ісі. Алайда сарапшылар бұл салада білімді шыңдау артықтық етпейді дейді.
Механикалық жарақат
Анальды жарықтар мен бұлшықет талшықтарының жыртылуы. Бұл әйелдерде ең көп кездесетін проблемалар. Қарқынды әсер ету кезінде анустың нәзік терісі жарылып, ауырсыну, тіпті қан кетуі мүмкін.
Проктологтар кішігірім сыртқы жарақаттарды жақпа және лосьондар арқылы емдеуге болатындығын айтуда. Ал неғұрлым ауыр жаралар, соның ішінде ішкі зақымданулар хирургиялық араласуды қажет етеді.
Зәр ұстамау
Ануста рецепторларды шамадан тыс және жиі ынталандыру бұлшықет тонусының әлсіреуіне әкеледі. Яғни ішектің жұмысына әсер етеді. Нәтижесінде, зәрді ұстай алмау және газдардың бақыланбай шығуына алып келеді.
Инфекциялар
Сарапшылар вагинальды секс сияқты анальді қатынас та, ең алдымен, қауіпсіз болуы керек деп санайды. Осылайша, егер жұп мүшеқапты қолданбаса, АИТВ жұқтырған серіктестен сау адамға инфекция оңай берілуі мүмкін.
Сондай-ақ, әйелдерде бірқатар қабыну процестерінің арту қауіпі жоғары. Мысалы, ішек таяқшасы түссе, цистит пайда болуы мүмкін. Сондықтан, жақындық кезінде қатаң ережені сақтау керек: анальды ену қынаптық қатынаспен ауыспауы керек.
Автор. Harper’s BAZAAR Kazakhstan. Фото. Shutterstock.com.