Күнделікті киетін іш киім де денсаулыққа әсер етуі мүмкін. Сондықтан таңдау жасағанда осыны ескеру қажет. Біздер әйел ағзасына зиян тигізетін төстартқыштар түрлері туралы айты бермекпіз.

іш киім

Синтетикалық іш киім

Сарапшылар жақсы іш киім табиғи матадан жасалуы қажет дейді. Өйткені, синтетикалық материалдан дайындалғаны ауа өткізбейді. Салдарынан  бактериялық инфекция пайда болуы мүмкін. 

Тым қатты

Тым қатты қысып тұратын іш киім төсті жақсы ұстап тұрғанымен пайдасы шамалы. Ол теріні тітіркендіріп, ыңғайсыздық туғызуы мүмкін.  

Қалың паралоны бар

Қалың паралоны бар төстартқышты жиі кию зиянды. Ол қан айналымы жүйесінің бұзылуына әкеп соғады. 

іш киім

Өлшемі сізге сай келмейтін

Кейде біздер әдейі үлкенірек төстартқыш тағып аламыз. Алайда оның ағзаға зиянды екендігін біле бермейміз. Ол лимфа ағыны мен қан айналымы жүйесінің бұзылуына әкеліп соғады. Ал кейін кеудедегі ісіктің пайда болуын тудыруы мүмкін.  

Қатты сымдары бар көкірекшелер

Әрине, дәрігерлер сымсыз көкірекшелер кимеңдер демейді. Бірақ мамандар ондай модельдерді аса сақтықпен таңдауға кеңес береді.  Өйткені сымы қатты төстартқыштар да қан айналымын бұзуы мүмкін. 


Автор. Harper’s BAZAAR Kazakhstan. Фото. Shutterstock.

Поделиться: