Алдағы күндер бірқатар маңызды астрономиялық оқиғалардың әсерінде өтеді: Күн тұтылуы, Меркурийдің ретроградтық қозғалысы және тағы басқалары. Бұл құбылыстар зодиак белгілерінің көңіл-күйі мен жағдайына айтарлықтай ықпал етеді. Ал дәл осы кезеңді барынша тиімді өткізу үшін не істеу керек? Апталық жұлдыз-жорамал сізге кеңес береді.
Тоқты
Апта ішінде қалағаныңызша әрекет етіңіз. Бірақ демалыс күндері, әсіресе 29 наурызда I жасанды интеллект үйде Күн тұтылуы болатынын ескеріп, асығыс шешімдер қабылдамаңыз. Әр қадамыңызды мұқият ойластырыңыз.
Торпақ
Көптен бері кейінге шегеріп жүрген жұмыстарды аяқтауға кірісіңіз. Қазір жаңа жобалар бастауға немесе маңызды келісімдер жасауға қолайлы уақыт емес. Алдымен бұрынғы істеріңізді реттеңіз, содан кейін ғана жаңа белестерге ұмтылыңыз.
Егіздер
Үлкен қаржылық шығындарға баруға асықпаңыз. Жұлдыздар сіздің ақылдылығыңызды сынамақ. Егер сіз ақшаны ақылмен жұмсасаңыз, жақын арада қаржылық жағдайыңыз жақсарады.

Шаян
Бұл кезеңде өзіңіздің ішкі жан дүниеңізге назар аудару, энергияны сақтау және медитация жасау пайдалы болар еді. Бірақ жұмыс күтіп тұрса, маңызды істерді сейсенбіден бейсенбіге дейін аяқтауға тырысыңыз.
Арыстан
Сіздің беделіңіз бен шешендігіңіз айналаңыздағы адамдарға әсер етеді. Сіз кез келген адамды өзіңізге сендіре аласыз. Бірақ бұл қабілетті жеке мүддеңіз үшін тым жиі қолданбаңыз, әйтпесе өзіңіз тұзаққа түсіп қалуыңыз мүмкін.
Бикеш
Жоғары лауазымды адамдармен маңызды кездесу күтіп тұр. Бұл кездесу ресми сипатта өтсе де, болашақ қарым-қатынастың жаңа деңгейге көтерілуіне себеп болуы мүмкін. Бұл жаңа достық па, әлде махаббат па? Уақыт көрсетеді.

Таразы
Аптаның алғашқы жартысы тынымсыз әрі қарбалас өтеді, бірақ бейсенбіден бастап жағдай тұрақталады. Жұлдыздар маңызды шешімдер қабылдауға асықпауға кеңес береді.
Сарышаян
Махаббат пен мансап саласында ілгерілеу уақыты келді. Таңғаларлықтай, бірақ ретроградтық Меркурий бұл жолы сізге көмектеседі. Ол сізге ерекше күш-қуат пен жігер сыйлайды.
Мерген
Егер сіз маңызды таңдау алдында тұрсаңыз, өзіңіз бұрыннан сенетін адамға арқа сүйеңіз. Жұлдыздар қазіргі уақытта қауіпсіз аймақтан (комфорт зонасынан) шықпауды ұсынады.

Тауешкі
Өз жоспарларыңызды жүзеге асыру уақыты келді! Бірақ мақсаттарыңызға жету үшін басшылық пен әріптестердің қолдауына сүйенуіңіз керек. Апта бойы аянбай еңбек етсеңіз, демалыс күндеріңізді уайымсыз өткізе аласыз.
Суқұйғыш
Аға буын өкілдері әдетте даналық пен өмірлік тәжірибеге ие. Осы аптада жұлдыздар үлкендерден кеңес сұрауға кеңес береді. Бірақ олардың сенімді әрі тәжірибелі адамдар болғанына көз жеткізіңіз.
Балықтар
Жақында экстрасенсорлық қабілеттеріңіз ашылуы мүмкін, ал бұл өзгелерге көмектесуге мүмкіндік береді. Сіз әлемді ерекше сезіну және адамдардың әрекеттерін алдын ала болжау қабілетіңізбен ерекшеленесіз.
Автор. Жанель Муканова. Аударған. Гүлдана Мұқан. Фото. Диана Штуккерт.