Көктем өз қалпында, ал онымен бірге өмір жаңа бояуларға бөленуде. Бір жұлдыз белгілері қуат пен сенімділікке толы болады, ал басқаларына Ғалам жылдамдықты бесеңдетуді, асығыс шешімдерден аулақ болуды ескертеді. Астрологтар жұлдыздар картасына үңіліп, алдағы күндері сізді не күтіп тұрғанын айтып беруге дайын. Апталық жұлдыз жорамалмен танысыңыз, саралап, қажетті ақпаратты пайдаланыңыз.
Тоқты
Кезең қолайлы болады, алайда асығыс шешім қабылдамаңыз. Әр қадамыңызды мұқият ой елегінен өткізіп, маңызды істерге байыппен қарау ұсынылады.
Торпақ
Барлық дүние бір сәтке тоқтап қалғандай көрінуі мүмкін. Бірақ бұған уайымдаудың қажеті жоқ. Планеталардың ықпалы сіздің қателесу ықтималдығыңызды төмендетіп, дұрыс шешім қабылдауыңызға сеп болады.
Егіздер
Сіздің тапқырлығыңыз әрқашан басты қаруыңыз болған. Осы аптада бұл қасиетіңіз сізге үлкен пайда әкеледі. Қарсыластарыңызды сөзбен жеңіп, бәсекелестеріңізді шетке ысыра аласыз. Дегенмен, шектен шықпаңыз және жеке тұлғаның шекарасына өтіп кетуден аулақ болыңыз.

Шаян
Аптаның ортасында өзіңізге жүктелген істерді азайтып, мүмкін болса жұмыстан демалыс алғаныңыз дұрыс. Маңызды істерді ертерек аяқтап, қалғанын басқа күндерге қалдырған жөн.
Арыстан
Арыстандар үшін бұл апта – тың бастамаларға толы кезең. Жаңа жоба бастау туралы ойыңыз болса, дәл қазір сәті түсті. Белсенділік пен тез шешім қабылдай алу – табыстың кепілі. Батылдарға сәттілік серік болмақ.
Бикеш
Эмоцияңызды бақылауда ұстаңыз және айналаңыздағы адамдарға тым талапшыл болмауға тырысыңыз. Әр адам қателік жіберуі мүмкін, ал ол сирек жағдайда ғана орны толмас болып есептеледі. Иә, сіздің ұқыптылығыңызды түсінеміз, бірақ бұл жолы жұмсақтық қажет.

Таразы
Ақырын жүріп анық бас – алдағы күндерге арналған басты ұстаным. Бәрі өз уақытында болады. Қиял мен арманның артынан қуалаудың қажеті жоқ: сізге тиесілі нәрсе ешқашан сізден қашпайды.
Сарышаян
Апталық жорамал әріптестермен қарым-қатынасты жақсартуға кеңес береді. Алдағы уақытта ұжымдық жұмыс қажет болады. Сіз бәрін жалғыз атқара алмайсыз. Міндеттерді бөлісу – ең ұтымды шешім.
Мерген
Идеяларыңызды жүзеге асыруға және басшылықтың алдында абырой жинауға тамаша мүмкіндік туып тұр. Жеке кәсібі барлар үшін де бұл – серіктестер алдында өз орнын нығайтуға қолайлы кезең.

Тауешкі
Бұрынғы істер мен жобаларды аяқтауға кірісіңіз. Аптаны өткенмен қоштасуға арнаңыз: қажетсіз заттардан, сондай-ақ сізге кері әсер еткен, жағымсыз эмоция тудырған адамдардан арылыңыз.
Суқұйғыш
Ойыңызға тамаша идеялар келеді, сіз дайын болыңыз. Бірақ оларды айналаңыздағылармен бөлісуге асықпаңыз – біреу иеленіп кетуі мүмкін. Алдымен жоспарларыңызды мұқият пысықтап, қажет болса патенттеп алыңыз.
Балықтар
Спортпен айналысыңыз. Жақын күндері бойыңызда пайда болатын күш-қуатты дұрыс бағытқа жұмсағаныңыз абзалырақ. Себебі физикалық белсенділік ең тиімді жолдардың бірі.
Автор. Жанель Муканова. Аударған. Қорлан Тұрсынбекова. Фото. Фернандо Сиппель.