Желі жұлдыздары Арнұр Қабдолдаев пен Аружан Магзум ELLE Kazakhstan ұсынған романтикалық Mahabbat Quiz жобасының жаңа кейіпкерлері атанды. YouTube платформасындағы шығарылымда ғашықтар бір-біріне қатысты фактілер мен қызықты оқиғаларымен бөліседі. Еске салсақ, Арнұр Қабдолдаев – актер, тиктокер, цирк әртісі және аралас жекпе-жек шебері болса, оның сүйіктісі Аружан Магзум — блогер, биші әрі TikTok платформасының белсенді тұтынушысы. Онда Аружанның 421,6K оқырманы және 24 миллион лүпілі бар.
Ғашықтарға қойылатын сұрақтар айтарлықтай қиын болса да, олар барынша шынайы жауап беруге тырысты. Жобада жұп бір-біріне алдын-ала арнайы сауалдар дайындайды.
Бір қызығы, Арнұр мен Аружанның махаббат хикаясының қалай басталғаны қызық оқиға. Олар алғаш танысқан кезде, Арнұр бірден ғашық болса, Аружан серіні ұната қоймаған. Бірін-бірі қаратуға 1 жыл кетті деген жұп, қосылғаннан кейін неге қалада еркін қол ұстасып жүре алмаған?
Толығырақ Mahabbat Quiz жобасының жаңа шығарылымынан көре аласыздар.
Автор. Harper’s BAZAAR Kazakhstan.