Отандық қана емес, ТМД елдерінің картиналарында бой көрсетіп жүрген Асқар Ілиясов «Үздік актер» атанды. Кино жұлдызы Мумбай қаласында өткен «Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының кинофестивалінде» (NFDC India) дәл осындай дәрежеге лайық деп танылды. Ілиясовқа мұндай марапат сыйлаған «Паралимпиадашы» фильміндегі басты рөлі. 

Жүлде үшін арнайы Мумбайға аттанған Асқарды жеңісімен қолдау үшін лентаның режиссері Алдияр Байракимов барса, кинофестивальде әділ-қазылық еткен Димаш Құдайберген де қасынан табылды. Ал, қуанышты жаңалықты инстаграм парақшасында бөліскен Ілиясовты оқырмандар жеңісімен құттықтап, әбден лайық екенін жарыса жазуда.


Автор. Harper’s BAZAAR Kazakhstan. Фото. Instagram.

Поделиться: