Асқар Ілиясов пен Айя Шалқар өткен демалыс күндері қызу талқыға түсті. Желі қолданушылары танымал жұлдыздарды көңіл-жарастырды деп топшалауда. Оған себеп – қазақстандық суретшінің туған күнінен тараған видеолар. Мән-жайды анықтайық.
Асқар Ілиясов пен Айя Шалқардың бір-бірінен бір елі ажырамай жүрген видеолары, көпшілікті ойландырып қойды. Жақын достарының жанына жиналған медиа тұлғалар көңіл көтеріп, ойын-сауық құрып жүр. Өткен сенбі Айя достарының арасында төл мерекесін атап өтті. Қонақтардың сторисына қарап, жастардың арасында сезім бар екенін байқауға болады. Актер Айяны алақанында мәпелеп, тіпті шампан құюға да көмектесіп жүр.
Автор: Harper’s BAZAAR Kazakhstan Фото. Саша Гвилия, Федор Битков.