Балжан Бидаш шығармашылығындағы ұзақ үзілістен кейін камбэк жасады. Таяуда ғана соло мансабын қайта қолына алған әнші тыңдарманға «Қателігімсің» атты бейнебаян ұсынды. Ерекше клипте BIDASH түрлі әрі эпатажды образды бой көрсетеді. Туындыда стилист өнерпаздың өзі. Балжанның айтуынша трек махаббаттан баз кешкен қыздардың ішкі күйі туралы. Оқырман композицияны Бидашканың экс-күйеуі Жахан Отарғалиевке арналған деп топшалаған еді. Десе, бұл релиз Балжанның жеке өміріне еш қатысты жоқ болып шықты. Еске салсақ, BIDASH — Harper’s BAZAAR Kazakhstan ұжымына эксклюзивті сұқбат беріп, өнеріндегі жаңалықтарымен бөлісіп, экс-күйеуімен ажырасу себептерін айтып берген еді. Толығырақ сілтеме арқылы оқи аласыз.
Автор. Harper’s BAZAAR Kazakhstan. Источник заглавного фото: Instagram @bidash_official