Айсұлтан Сейітовтың «ҚАШ» фильмі Шанхай халықаралық кинофестиваліне қатыспақ. Жас болса да, жаһанға танылып үлгерген режиссердің тырнақалды туындысы «Asian New Talent» номинациясында бақ сынайды. Еске салсақ, Айсұлтанның Алашты аяусыз қырған ашаршылық заманын суреттейтін картинасы былтыр желтоқсан айында көрермен назарына ұсынылған еді.

Алғашқы толықметрін таныстыру үшін Айсұлтан маусым айында Шанхай қаласына түсірілім тобымен аттанады. Еске салсақ, 2016 жылы Сейітов «Hollywood Boulevard» Нью-Йорк кинофестивалінде – алғашқы қысқа метрлі картинасымен «Үздік режиссер» атанған еді. Араға жылдар салып таспалаған толықметрі де Сейітовтың қоржынын бос қалдырмас. Ендеше, командаға сәттілік тілейміз.


Автор. Harper’s BAZAAR Kazakhstan. Источник заглавного фото: Instagram @aisultan Автор @bbismildin

Поделиться: