Айсұлтан Сейітовтың тырнақалды көркем фильмі әлі де әлемдік кинофестивальдерді шарлап жүр. Жас болса да жаһанға танымал режиссердің «Қаш» атты этно хорроры Польшалық «Camerimage festival»-інде үміткер атанды. Лента шарада «Ең үздік дебют» номинациясында бақ сынайды. Кинобәйге қараша айының 11-18 аралығында өтеді. Еске салсақ, Айсұлтан ұсынған толықметр былтыр желтоқсан айында көрермен назарына ұсынылған еді.


Автор. Harper’s BAZAAR Kazakhstan. Источник заглавного фото: Instagram @aisultan 

Поделиться: