Қазақтар «Netflix»-те! Отандық киногерлер шетелдік нарыққа шығып, әйгілі компаниямен бірлесіп жоба таспаламақ. Туындыда актриса Дина Тасболатова бой көрсетеді. Картина Сталин дәуіріндегі ең ірі лагерьлердің бірі – КарЛАГ кезіндегі оқиғалар туралы баяндайды.

Жобаның авторы әйгілі хит туынды «La casa de papel» сериалының режиссері — Мигель Анхель Вивас. Басты рөлдерді танымал испан актерлері Мигель Эрран және Аарон Пиппер сомдайды. Кейіпкерлердің азапқа толы тағдырын жеткізу үшін, таңдалған кастта Дина Тасболатова да бар. Сонымен қатар, шығармашылық құрамда отандастарымыз Алтынай Нөгербек, Сергей Уфимцев және Фараби Ақкөзов сынды актерлер төбе көрсетеді.

Түсірілім бүгінде Испанияда өтіп жатыр. Тарихтың азалы жылдарын дөп жеткізу үшін Бильбао қаласында арнайы декорациядан қалашық дайындалған. Реквизиттер мен костьюмдерді әзірлеу кезінде мамандар тарихшылардың кеңестері мен мұрағат құжаттарына сүйенген.


Автор. Гүлдана Мұқан. Источник заглавного фото. Instagram @dina_tasbulatova

Поделиться: